Компания туралы

«Предприятие Рубиком» ЖШС 1994 жылғы желтоқсанда құрылған. Бүгінгі күні асырып айтпағанның өзінде біздің компаниямызды қазақстан нарығындағы шұжықтар мен ет жеңсіктерінің жетекші өндірушісі деп атайды. Біз өндіретін өнім, шынын айтқанда, жүздеген мың сатып алушылар үшін сапа эталоны болып саналады. Фирма басшылығы сатыласкіріктірілген холдингті құру бойынша аса күрделі жұмыс атқарды – дамыған шикізат базасынан ет өнімдерін заманауи қайта өңдеу мен өткізуге дейін. Компания қызметінің негізгі бағыттары: егіншілік, жемдерді өндіру, мал шаруашылығы және ет өңдеуші өндіріс. 2005 жылы ISO 9001 халықаралық стандартының 2000 нұсқасының талаптарына сәйкес келетін сапа басқару жүйесі әзірленген, енгізілген және сертификатталған, бұл сатып алушылар үшін біздің өнімдеріміздің сенімділігі мен қауіпсіздігін көрсетеді. «РубиКОМ» командасы фирмалық өнім сұрыпталымына мақтанады. Пісірілген, шала ысталған, пісірілген-ысталған шұжықтар, ветчиналар мен жеңсік тағамдардың 150-ден астам атаулары. Бірегей рецептура мен жаңашылдығы үшін комбинат халықаралық және республикалық марапаттармен әлденеше рет құрметтеп бағаланған. Біздің сайтымызда өздеріңіз үшін пайдалы, қажетті және қажетті көптеген ақпарат табатындарыңызға шын жүректен сенімдіміз. Сіздерге алғысымызды білдіреміз!