Ет өңдеуші комбинат

Міне көп жыл бойы «РубиКОМ» компаниясы тамақ талғағыштар үшін ең талғампаз ет жеңсік астар мен шұжықтарды ұсынады. Қазіргі күні кәсіпорын Қазақстанда табиғи ет өнімдерін негізгі өндірушілерінің бірі болып табылылады. Қадірін жоғары деңгейде ұстауға технологиялық режимдерді мұқият сақтау мен сапаға бақылаудың қатаң жүйесі мүмкіндік береді. Фирмалық өнімнің сұрыпталымы – біздің ерекше мақтанышымыз. Бүгінгі күні «Рубиком» сауда таңбасымен пісірілген, шала ысталған, пісірілген-ысталған шұжықтар, сарделькалар мен алуан түрлі жеңсік астардың 150-ден астам түрлері шығарылады. Зауыт заманмен қатар дамып келеді және нарықтың өзгеретін сұранымдарына жедел жауап қайтарады: өнім таңдауын кеңейтеді және, біздің дарынды технологтарымыздың идеяларын жүзеге асырып, жаңа өнімдерді шығарады. бастапқы шикізаттың сапасы өнім дәміне әсер етеді, сондықтан жеке меншікті «РубиКОМ» мал шаруашылық кешені қамтамасыз ететін тек қана бірінші таптағы тоңазытылған етті пайдаланамыз. Рецептурада химиялық консерванттар мен бояғыштар, сонымен қатар денсаулық үшін зиянды алмастырғыштар мен қоспалар жоқ. Зауыт зертханалары шикізаттың экологиялық тазалығын күнделікті қадағалайды. біздің компаниямыздың өнімінің тамаша дәмі Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы мен Ақмола облыстарының сатып алушыларының сүйіспеншілігіне ие болды. Осы салада жаңашылдық үшін халықаралық азық-түлік көрмелерден мадақтамалар ретінде 50-ден астам алтын және күміс медальдармен марапатталды. Етті қайта өңдеуші комбинат сапа менеджменті жүйесін сертификаттады және халықаралық ИСО 9001 халықаралық стандарттың жоғары талаптарына сәйкестігін растады. «РубиКОМ» компаниясы өркендеп келеді және болашаққа сеніммен қарайды!