Мал шаруашылығы
«Предприятие РубиКОМ» ЖШС мал шаруашылығы кешенінде асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар және де ол Павлодар облысы аумағындағы бір сәтте 60 мың шошқа басын асырауы мен жылына 112 000 бас асырайтын жобалық қуаты бар ірілердің бірі болып саналады. Өндірістік үй-жайлар Павлодар ауылының және Чернояр ауылдық округінің аумағында орналасқан. Өндірістік үй-жайлар Еуропаның жетекші өндірушілерінің жабдықтарымен жарақтандырылған, шошқаларды автоматты азықтандыру мен суарудың заманауи жүйесі ендірілген, желдету мен микроклиматтың жоғары технологиялық жүйесі, кессонды қи жанығыш жүйесі қолданылады. Біз Ландрас, Крупная белая, Дюрок тұқымдарды үш тұқымды будандастыруын пайдаланамыз. Будандастыру тұқымдарды жануарлардың сапасы мен денсаулығы бойынша қатаң іріктеу және оған қоса ең жаңа технологиялар мен дұрыс азықтандыру жануарлардың генетикалық әлеуетін 100%-ға пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгін «РубиКОМ» шошқа өсіру кешені облыстың көптеген фермер қожалықтарын асыл тұқымды мал материалдармен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы кешенінің жұмысының аса маңызды факторы — ол экология! Бізде қалдықсыз өндіріс әрекет етеді. Жануарлардың тіршілік әрекеттерінің өнімдері арнайы цехтарда қайта өңделеді, одан кейін тұйық суда жарты жыл ұсталады және егін алқаптарына тыңайтқыштар ретінде енгізіледі. Осылайша, мал шаруашылығы саласында ең жаңа әзірлемелерді пайдаланудың арқасында біздің өндірісіміз Қазақстанда тәріздесі табылмайтын, озық жабдықталған саладағы жетекші кәсіпорынға айналды.