Құрама жем зауты
2008 жылдың желтоқсанында компания Жаңа ауыл кентінде орналасқан құрама жем зауытын іске қосты. Жоба Трилис фирмасының мамандарымен Muyang қытай компаниясымен бірлесіп орындалған. Зауыт жоғары тиімді жабдықпен қамтамсыз етілген: астыққа арналған кептіргіш, элеватор, шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қоймалар. Бір сәтте сақтаудың көлемі 9 мың тоннадан асады. Құрама жем зауыты – ол адами қателіктерді толығымен жоққа шығаруға мүмкіндік беретін озық компьютерлік басқарумен жабдықталған дамыған кешен. Зауыттың негізгі өнімі - кез келген жастағы ауыл шаруашылық жануарлар, құс пен балықтың барлық түрлеріне арналған жоғары сынамалы толық рационды құрама жем. Құрама жем барлық ақуыз-дәрумендік минералды қоспалардың бүтіндігіне кепілдік беретін даналанған түрде және түйіршіктер пішімінде шығарылады. Зауыттың өндірістік қуаты - 20 тонна/сағ. Сұрыптама іс жүзінде шектелмеген деуге болады. Кәсіпорында типтік толық рационды құрама жем де, сонымен қатар жеке рецепттер бойынша жемдер де шығарылады. Зауыт өнімді өткізу нарығын кеңейтуге мүдделі. Біздің клиенттеріміз, кез келген құрауыштарды пайдаланып, сатып алынатын құрама жемдердің тиімділігіне күмәнданбай, жеке рецепт бойынша құрама жемдерді сатып алуы мүмкін.