Миссия
және құндылықтар

Біз отбасылық дәстүрлер мен ортақ дастархан басындағы жылы кездесулердің бір бөлігіне айналатын ет өнімдерін жасаймыз. Бізді ісімізге деген сүйіспеншілік, сапаға жауапкершілік және сатып алушылардың сенімін күн сайын ақтауға деген ұмтылыс біріктіреді.

Біздің миссия

Біздің миссия

Біз отбасылық дастарханға дәм қосып, жақындармен бірге өткізген жылы сәттерді толықтыратын ет өнімдерін шығарамыз. Күнделікті таңғы ас, отбасылық түскі ас немесе мерекелік кешкі ас кезінде әр өніміміздің дәмі көңіліңізден шығып, сапасы сеніміңізді ақтағанын қалаймыз.

Бұл мақсатқа жету үшін бүкіл командамыз күн сайын еңбек етеді. Жинаған тәжірибемізге сүйеніп, заманауи технологияларды қолдана отырып, өндірісті жетілдіреміз. Тұтынушылардың талғамы мен сұранысын ескеріп, жаңа өнімдер әзірлейміз. Біз үшін көпшілік ұнатқан дәм мен сапаны сақтап, таңдау аясын кеңейту маңызды.

Отандық өндірісті дамытумен қатар отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, қызметкерлеріміздің кәсіби өсуіне жағдай жасаймыз. Тұтынушылармен, серіктестермен және қызметкерлермен қарым-қатынасымызды өзара құрметке, адалдыққа және жауапкершілікке негіздейміз. Ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік негізі де осында деп білеміз.

Бізді өз ісімізге деген сүйіспеншілік пен тұтынушылардың сенімін ақтауға деген ортақ ниет біріктіреді. Сіздердің сенімдеріңіз бізге еңбегіміздің қадірін сезіндіріп, одан әрі дамуға жігер береді.

Рубиком құндылықтары

#1 Р Нәтиже
#2 У Бірегейлік
#3 Б Қауіпсіздік
#4 И Инновациялар
#5 К Сапа
#6 О Жауапкершілік
#7 М Сенімділік