Ынтымақтастық
«Рубикоммен» ынтымақтастықтың артықшылықтары
«Рубиком» — Қазақстан нарығында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар сенімді өндіруші әрі іскер серіктес. Табысты қызмет жылдарында компания сапаның жоғары стандарттарына, тұрақтылыққа және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағдарланған ет өнімдерінің жауапты жеткізушісі ретінде танылды.
Серіктестерге сұранысқа ие өнімнің кең ассортиментін, бәсекеге қабілетті шарттарды, жеткізілімнің тұрақтылығын және бизнес-міндеттерді шешуде жеке көзқарасты ұсынамыз. Мақсатымыз — жай ғана өнім жеткізу емес, серіктестеріміздің бизнесін дамытуға ықпал ететін берік әрі өзара тиімді іскерлік қарым-қатынас орнату.
«Рубикомды» таңдай отырып, сіз тәжірибені, сенімділікті және ертеңгі күнге деген сенімді таңдайсыз.
«Рубиком» серіктесі болыңыз!
Біз ынтымақтастыққа ашықпыз және ұзақ мерзімді, өзара тиімді іскерлік қарым-қатынас құруға мүдделіміз. Өніміміз туралы көбірек білу, ынтымақтастық шарттарын талқылау және бизнесіңізді дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін бізбен байланысыңыз.
БайланысуӨңірлердегі дистрибьюторлар
Алматы қ.
Астана қ.
Қарағанды қ.
Көкшетау қ.
Көкшетау қ.
Ыбырай Алтынсарин к-сі, 19/4
+7 7162 77 31 60 moloko_art8989@mail.ruСемей қ.
Өскемен қ.
«Рубикомның» қамтитын өнірлер
«Рубиком» өнімдері Қазақстанның 7 өңірінде, соның ішінде ірі қалалар мен облыс орталықтарында сатылады. Өнімнің кеңінен таралуы компанияның тұрақты дамып келе жатқанын және тұтынушылар тарапынан сұраныстың жоғары екенін айғақтайды. Біз көпшілік ұнатқан дәмді еліміздің әр түкпіріндегі тұтынушыларға қолжетімді етуге ұмтыламыз.
- Алматы
- Астана
- Қарағанды
- Көкшетау
- Павлодар
- Семей
- Өскемен