Компания
жаңалықтар
Атамекен кентінің 110 жылдығы
«Рубиком» компаниясы Атамекен кентінің құрылғанына 110 жыл толуына арналған ауқымды шараға қатысты.
Мереке далада өтті, онда дәстүрлі киіз үйлері, ұлттық спорт ойындары және Алтыбақан әткеншегі бар ауқымды этноауыл құрылды. Барлық қонақ әртістердің өнерін және қазақ мәдениетінің рухын тамашалады.
«Рубиком» компаниясының қызметкерлері мерекеге құр қол келген жоқ. Компания кент тұрғындарына ризашылық пен құрмет белгісі ретінде сыйлықтар дайындады.
«Рубиком» кәсіпорны ЖШС Атамекен тұрғындарына шақыруы мен жылы қонақжайлылығы үшін, сондай-ақ осы маңызды оқиғаға қатысу мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Кентке одан әрі өркендеу, ал оның тұрғындарына зор денсаулық пен амандық тілейміз!