Ғажайыптар болып тұрады
Мерекенің жақындағаны қазірдің өзінде айқын сезіледі: жаңажылдық ойыншықтар алтын мен күмістей жарқырап, терезелер жаңажылдық гирляндалармен безендіріліп, ауада мандарин мен таңғы жеңіл аязға араласқан шырша қылқанының хош иісі аңқиды. Жаңа жыл — ғажайыптар мезгілі, әрі әркім сиқыршы бола алады. Дәл осы аяулы күндері Павлодар облысының бес жүз баласы кәсіпорыннан тәтті сыйлықтар алды. Жаңажылдық тәттілерді Мичурино ауылының, Павлодар қаласының, Воскресенка ауылдық округінің, Ленинский кентінің, Сосновка, Павлодарское және Черноярка ауылдарының аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар алды.
— «Рубиком» компаниясы жыл сайын балаларымызға қамқорлық танытып, ауыл балалары үшін мейірімді сиқыршы рөлін атқарады. Өйткені бүлдіршіндер үшін бұл жай ғана сыйлық емес, олар шын жүректен сенетін нағыз ғажайып. Сондай-ақ бұл түрлі себептермен Жаңа жыл қарсаңында баласын қуанта алмайтын көптеген ата-анаға үлкен көмек екенін атап өткен жөн. Мұндай сәттерде «Рубиком» сияқты мейірімді әрі жанашыр кәсіпорындардың көмегі ерекше бағалы, — дейді Мичурино ауылдық округінің әкімі Оразбек Копенов.
Биыл балалар тағы да дәстүрлі жаңажылдық шыршасыз қалады. Көңілді хороводтар мен сүйікті ойындар болмайды. Соған қарамастан, бүлдіршіндер ғажайыпқа сенуін тоқтатпайды.
— Жаңа жыл алдындағы акция «Рубиком» компаниясының игі дәстүріне айналды. Біз балаларға көмектесуге, оларды қамқорлық пен ықыласқа бөлеуге, жақсы көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлауға қуаныштымыз. Әр бала бақытқа лайық. Мүмкіндігі барлардың осы бақыттың орнауына көмектесуі әрқашан қымбат, — дейді «Рубиком» компаниясының бас директоры Елена Осинская.
Кәсіпорынның арқасында әртүрлі жастағы балалар жарқын болашаққа деген үмітпен өмір сүреді. Өйткені жаңа жыл түнінде олар да басқалар сияқты шырша түбінен көптен күткен тәтті сыйлығын алады.



