Рубикоммен жақсылық жасау оңай!
«Рубиком» компаниясында жыл сайын мұқтаж ауыл адамдары мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар қайырымдылық іс-шарасы өтеді. Дәстүр бойынша кәсіпорын халықтың әлеуметтік осал топтарын, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, жалғыз тұратын және егде адамдарды, мүгедек балалары бар отбасыларды қамтиды. Коронавирус пандемиясы кезінде де компанияда үлкен жұмыс атқарылды. Кәсіпорын еріктілері өңірдегі ауылдардың тұрғындарына азық-түлік көмегімен талай рет барды. Биылғы жыл да ерекшелік болған жоқ. «Наурыз мейрамы» мерекесі қарсаңында өңірдегі жүзден астам отбасы компаниядан азық-түлік жиынтықтары түрінде көмек алды.
— Ауыл адамдарына жыл сайын қамқорлық жасап, оларды назарынан тыс қалдырмайтыны үшін ірі кәсіпорын «Рубикомға» алғысымызды білдіреміз. Бірде-бір іс-шара «Рубикомның» көмегінсіз өтпейді. Олардың ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін білу қуантады, — деп бөлісті Мичурино ауылының әкімі Оралбек Копенов.
Биыл Қазақстан тұрғындары қасиетті «Наурыз» мерекесін әдеттегі көпшілік серуендерсіз, қонаққа барусыз және салтанатты құттықтауларсыз қарсы алады. Соған қарамастан әр қазақстандықтың жанында көктем орнап, қуаныш пен жаңа үміт сезімі оянады. Наурыз мейрамы табиғаттың оянуын, құнарлылықты, үйлесімділікті, бейбітшілік пен береке орнауын білдіреді. Сондықтан дәл осындай сәттерде қолдау көрсетіп, мейірімділік пен жанашырлық таныту аса мұқтаж жандар үшін өте маңызды. Азық-түлік жиынтықтарының бір бөлігін Воскресенка ауылының көп балалы отбасылары да алды. Жарма, май, шай, ет консервілері және кондитер өнімдері – бұл азық-түлік жиынтығына кірген заттардың толық тізімі де емес.
— Көрсетілген көмек үшін «Рубиком» компаниясына рақмет. Өзімізге қажет азық-түлік салынған пакетті алу өте жағымды болды. Бүкіл отбасымызбен «Рубиком» кәсіпорнының қызметкерлері мен құрылтайшыларына табыс пен өркендеу тілейміз, — дейді Воскресенка ауылының тұрғыны Оксана.
Компания қызметкерлері Павлодар қаласындағы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханаға» да құр қол бармады. Арнайы кітапхананың оқырмандарына отыз азық-түлік себеті жеткізілді. Қалада ерекше эпидемиологиялық режим қолданылып отырғандықтан, жиынтықтар жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, байланыссыз жеткізілді.
«Игі істер марафонының» мақсаты – негізінде жомарттық пен мейірімділік идеясы жатқан қауымдастық құру. «Рубиком» компаниясында өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген іс-шара жоспарланған. Тек бірге, кеңпейілдік пен жомарттық таныта отырып қана біз бір-біріміздің өмірімізді шынымен де сапалы әрі тиімді түрде жақсы жаққа өзгерте аламыз.
