ҚР Мәжілісінің депутаттары комбинат жұмысына жоғары баға берді
«РубиКОМ» ет өңдеу комбинаты жоғары лауазымды қонақтарға есігін алғаш рет ашып отырған жоқ.
ЕӨК-ге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Александр Васильевич Суслов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Павлович Рау келді. Күн тәртібінде өнім сапасын бақылау және кәсіпорынды Қазақстандағы ет өнімдерінің ең ірі өндірушісі ретінде одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Елордадан келген қонақтарды «РубиКОМ» ет өңдеу комбинатының директоры, кәсіпорын құрылтайшысы Олег Григорьевич Безверхов пен кәсіпорынның еңбек ұжымы қарсы алды.
Экскурсия бағыты зауыттың өндірістік цехтары арқылы өтті, әр цехта депутаттарға жаңа инновациялық жабдықтың қуаты мен күші көрсетілді. Комбинат директоры компанияда 2000-ға жуық адам еңбек ететінін айтты. Шикізат 100% өңделеді! Бұл нәтижеге комбинаттың заманауи техникалық жарақтандырылуы ықпал етеді.
Александр Сусловтың айтуынша, «РубиКОМ» өнімі тек Павлодарда ғана сұранысқа ие емес. Ол Астана мен Қазақстанның басқа да қалаларының нарықтарында да ұсынылған.
Халық қалаулылары комбинат қызметіне жоғары баға берді және компания өнімдерінің Республика тұрғындарының көпшілігіне ұнайтынын, демек, адамдар «РубиКОМ» өнімінің бірінші сыныпты сапасын бағалайтынын маңызды факт ретінде атап өтті. Депутаттар компанияға өркендеу мен жаңа прогрессивті өсу тіледі!