Жеңісті жасағандар үшін!
Соғыс мүгедегі Константин Филимонович Воловикті және оның туған қарындасын соғыс пионер лагерінде тапты. Жасы ұлғайғанына қарамастан, ол бәрін ең ұсақ бөлшегіне дейін есінде сақтаған: бала кезінде тұтқынға қалай түскенін де, достарымен бірге одан қалай қашқанын да, оларды қызыл әскерлердің қалай қарсы алғанын да.
1943 жылдың қазан айында Константин Филимонович қызыл әскер қатарына қызметке кірді. 2-Украин майданында 93-дивизияның 285-гвардиялық полкі құрамында соғысып, 112-полктің механикаландырылған взводының старшинасы болды. Үш рет жараланды, бірақ әр жолы сапқа қайта оралды. Киев пен Праганы азат етуге қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін қызметін 1951 жылға дейін жалғастырды. Ардагердің салтанатты кителінде медальдар жарқырайды, олардың арасында «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдары бар.
Айта кетейік, 93 жасқа келгеніне қарамастан, ардагер бізді көшеде қарсы алып, нағыз сыпайы ер адамша пәтердің есігіне дейін шығарып салды. Константин Филимонович үшінші қабатта тұрады, бірақ оның айтуынша, баспалдақтың көптігі күн сайын көшеге шығуына кедергі келтірмейді. Павлодарға ол 1960 жылы жұмыс істеуге келіп, осында қалып қойды. ЖЭО-2-де дәнекерлеуші болып жұмыс істеді.
Өкінішке қарай, екінші ардагермен жеке сөйлесудің сәті түспеді. Михаил Иванович Горбунов нағыз кеңес барлаушысы ретінде 94 жасында да сөзге сараң. Майдангер демалып жатқан еді, біз оны мазаламадық. Атасының соғыстағы ерліктері туралы немересі Дарья Тузовская әңгімелеп берді. Михаил Иванович Горбунов 1925 жылғы 1 желтоқсанда Павлодар ауданының Духовницкое ауылында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына сол кезде Ермак деп аталған Ақсудан шақырылған.
Михаил Иванович Маньчжуриямен шекарадағы 15811 әскери бөлімде қызмет етті. Кеңес-жапон соғысы басталған кезде ол Малиновскийдің қолбасшылығымен 17-армияның 209-атқыштар дивизиясы құрамында Забайкал майданына түсті. Қызметін 1950 жылдың сәуіріне дейін жалғастырды. Әскерден босатылғаннан кейін Қырғызстанда тұрды. 1955 жылы Павлодарға келіп, осы күнге дейін осында тұрып жатыр. «Павлодаржилстрой» тресінде экскаваторшы болып жұмыс істеп, 1987 жылы сол жерден құрметті демалысқа шықты. Алғашқы медалін Жапонияны жеңгені үшін алды, кейін олардың саны соншалық көбейіп, әскери кителінде орын тез бітті.
– Біздің заманымызда да оған тек туыстарының ғана емес, басқалардың да қамқорлық көрсетіп отырғаны өте жағымды. Қазір, карантин кезінде де, оған қонақтар сыйлықтарымен үнемі келіп тұрады. Оқушылар алғыс хаттарын әкеледі, әкімдік қызметкерлері келіп көңіл-күйін сұрайды, түрлі ұйымдардан адамдар келеді. Әрине, біз «Рубиком» компаниясынан да үнемі көмек алып тұрамыз. Күнделікті қам-қарекетке қарамастан, атамның қамқорлық пен назарға бөленіп отырғанын сезіну өте жағымды, – деп әсерімен бөлісті Ұлы Отан соғысы ардагерінің немересі. Дарьяның айтуынша, атасы соғыс туралы ештеңе дерлік әңгімелемеген. Михаил Горбуновтың ерліктері туралы білу үшін Тобольск мұрағаттарына сұрау салуға тура келген.
«Рубиком» компаниясы әлеуметтік маңызы бар және қайырымдылық іс-шараларға әрқашан алғашқылардың бірі болып қатысады, бұған аса мұқтаж жандарға көмек пен қолдау көрсетеді. Дәстүр бойынша кәсіпорын қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, бейбіт аспан үшін кезекті рет алғыс сөздерін білдіреді, сондай-ақ ардагерлерге мықты денсаулық тілейді. «Рубиком» компаниясының бүкіл ұжымы атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шын ниетімізбен бас иеміз!
