Мүгедектігі бар чернобыльдіктер «Рубиком» компаниясынан көмек алды
26 сәуірде Чернобыль АЭС-індегі техногендік сипаттағы ең ірі апаттан бері 35 жыл толады. 1986 жылы апат салдарын жоюға бұрынғы КСРО-ның түкпір-түкпірінен түрлі саладағы мыңдаған маман жіберілді, олардың арасында біздің отандастарымыз – қазақстандықтар да болды. Бүгінде апат салдарын жоюшылар – қазіргі және болашақ ұрпақ үшін ерлік пен патриотизмнің тірі үлгісі.
Ең ірі апаттың жылдығы қарсаңында «Рубиком» компаниясы апат салдарын жоюшыларға отыз азық-түлік жиынтығын дайындады. Май, жарма, шай, кофе – бұл мүгедектігі бар чернобыльдіктерге арналған жиынтықтарға кірген заттардың бәрі емес.
— Өз елінің нағыз патриоттары ретінде өмірін аямай, ерлік, жігер және адамдарға қамқорлық танытып, ірі апаттың салдарын жоюға қатысқан жандарға алғыс сөздерін айту – біздің парызымыз, — деп бөлісті «Рубиком» компаниясының бас директоры Елена Осинская.
«Рубиком» кәсіпорны алдағы уақытта да барлық мұқтаж жандарға көмектесіп, оларға жарқын болашаққа сенім сыйлау үшін әлеуметтік маңызы бар барлық жобаларды белсенді қолдауды жоспарлап отыр.

