Компания
жаңалықтар
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі
«Batyr Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «РУБИКОМ» кәсіпорны ЖШС серіктестеріміз — «МолКОМ-Павлодар» ЖШС, «БАТЫР-ПАВЛОДАР» ЖШС және «GREENWICH» бөлшек сауда желісімен бірлесіп ұйымдастырған ауқымды ішкі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті!
Жанды музыка ойналды, аниматорлар балаларды көңілдендірді, қатысушылар жеңілдік купондарын алды. Ең бастысы — жағымды лепке және жақсы көңіл күйге толы ахуал орнады!
Жаңа мүмкіндіктер іздеп жүрген барлық жанды Торайғыров к-сі, 52 мекенжайындағы кеңсемізге — персоналды басқару департаментіне келуге шақырамыз. Тату командамыздың бір бөлшегі болып, бізбен бірге жаңа көкжиектер ашыңыз!
