Павлодар облысының ауылдарында Наурыз мейрамы қалай аталып өтті
— «Рубиком» ЖШС 15 жылдан астам уақыт бойы Ленинский кентінің тұрғындары мен балаларына көмек көрсетіп келеді. Ол кезде мен 31-мектепте тәрбие жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істедім. Біз балаларға арналған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда әрдайым көмектесіп келген дәл осы кәсіпорын басшылығына жиі жүгінетінбіз, — дейді «Қамқор көмек көрсету және оңалту орталығы» ҚБ директоры Салтанат Сарсембаева.
Сүйікті көктем мерекесін алғаш болып Ленинский кентіндегі «Қамқор» қоғамдық бірлестігі атап өтті. Ауылдың мәдениет үйінде бес жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға тақырыптық аймақтар, шай ішу рәсімі, музыкалық концерт пен сыйлықтар дайындалды. Іс-шара «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды. Балаларға үш тақырыптық аймақ дайындалды: қыш құмыра, музыка және этноауыл аймақтары.
Барлық тақырыптық аймақтардан өткен соң балаларды мәдениет үйінің буфетінде жайылған дастархан күтіп тұрды. Мұндағы басты тағамдар — үлпілдек бауырсақ пен ұлттық десерт қоспа. Ерекше балаларға арналған мереке музыкалық концертпен және демеушінің сыйлықтарымен аяқталды. «Қамқор» қоғамдық бірлестігінің балалары үшін ойыншықтар, музыкалық колонкалар, құлаққаптар, үстел ойындары сатып алынды. Алайда кәсіпорын үшін ең басты сыйлық мерекеге келген балалар мен олардың ата-аналарының бақытты жүздері болды.
«Рубиком» ЖШС белсенді қатысқан келесі елді мекен Павлодарское ауылы болды. Мұнда кәсіпорын балаларға адам бойындай қуыршақтар мен аниматорлар қатысқан үлкен мереке ұйымдастырып, әр балаға тегін тәтті жүлделер таратты.
Карамелька, Микки Маус, Алтын аю, LOL қуыршағы, Единорожка және Brawl Stars кейіпкері балалармен ойнап, қазақ халқының ұлттық дәстүрлі тағамдарын еске түсіріп, нағыз үлпілдек бауырсақ пісірді. Балалардың сүйікті кейіпкерлерімен кездескендегі қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Балалар түрлі байқауларда сайысып, көктем туралы белгілі жұмбақтарды еске алып, қазақ халқының дәстүрлері туралы білімдерімен бөлісті. Жергілікті балалар ойынмен әуре болып жатқанда, көрші татамиде Қазақ күресінің тартысты белдесуі өтіп жатты. Спорттық сайыс жеңімпаздары «Рубиком» компаниясының ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Дәстүрлі бағанға өрмелеу сайысы да өтті. Биік бағанды бағындырған жергілікті тұрғындар жеңіп алған барлық жүлделерді «Рубиком» компаниясы сатып алды. Мерекелік серуен палау, бауырсақ, Наурыз көже мен ыстық шайды тегін таратумен аяқталды, оның демеушісі де «Рубиком» кәсіпорны болды.
Барлығы компания бес ауылдың тұрғындарына мереке сыйлады. Воскресенка, Сосновка, Ленинский, Павлодарское және Мичурино елді мекендеріне компания байқауға қатысушылардың барлығына жүлделер берді. Алда компанияның талай игі істері бар, бірақ Наурыз мейрамын тойлауды Павлодар облысы ауылдарының тұрғындары әлі ұзақ уақыт еске алатын болады.




