«Рубиком» компаниясы балаларға мереке сыйлады
Нағыз көңілді мерекеге тіпті ең бұлыңғыр ауа райы да кедергі емес. Павлодар облысында Балаларды қорғау күні көңілді әрі ауызбіршілікпен аталып өтті, ал Ленинский кенті, Мичурино және Павлодарское елді мекендеріне арналған мереке мен сыйлықтардың бас демеушісі «Рубиком» компаниясы болды.
Павлодарское ауылында шынымен де шын жүректен көңіл көтере білетін өте ынтымақты адамдар тұрады. Ауылдың сауықтыру кешеніне бес жүзге жуық ұл-қыз жиналды. Балалар үшін сүйікті кейіпкерлер мен мультфильм қаһармандары шақырылды: Дедпул, Лалафанфан үйрегі, Амонгас, Буба, Ютубчик және нағыз динозавр. Кейіпкерлерді іс-шараға қатысушылар ду қол шапалақтаумен қарсы алды. Балалар ата-аналарымен бірге аниматорлармен қосылып қатты дауыстап ән салып, би биледі. Мультфильм кейіпкерлерімен ойнай отырып, балалар бар өнерін көрсетті, сүйікті қаһармандармен дәстүрлі фотосессия да өткізілді.
— «Рубиком» компаниясы Павлодарское ауылының балаларына нағыз мереке сыйлады. Аниматорлар, адам бойындай қуыршақтар және, әрине, сыйлықтар болды. Біз үшін балалардың жүзінде күлкі болғаны әрі болашағы бақытты болғаны маңызды. «Рубиком» компаниясы жыл сайын балаларға көмек көрсетеді, кәсіпорын ауылдар мен Павлодар қаласында өтетін ірі спорттық және ойын-сауық іс-шараларының тұрақты демеушісі болып табылады. Биылғы жыл да ерекшелік болған жоқ, — дейді «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.
Барлығы аниматорлардың тапсырмаларын бірауыздан орындап, қатты қол соғып, шын жүректен көңіл көтерді. Шараның соңында шаршаған, бірақ риза болған балалар компаниядан тәтті жүлделер мен сыйлықтар алды, ал ата-аналар мерекеден алғыс сөздерін айтып қайтты. Кентте мұндай ауқымды іс-шара көптен бері болмаған еді.
— Осындай жарқын әрі көңілді мереке үшін «Рубикомға» үлкен рақмет! Бізге бәрі қатты ұнады, балалар мәз-мейрам. Ауа райының нашар болғанына қарамастан балалардың мерекесі өткеніне қуаныштымыз. Мультфильм кейіпкерлерімен суретке түсуге мүмкіндік болғаны тамаша, оның үстіне кәсіпорыннан сыйлық та алдық, — деп әсерімен бөлісті кішкентай Асланның анасы.
Ленинский кентінде де мерекелік концерт өтті. Ең жарқын оқиға асфальтқа сурет салу байқауы болды, оған елу бала қатысты. Байқауға қатысушылар үшін «Рубиком» компаниясы жарқын әрі қызықты сыйлықтар дайындады. Мичурино ауылында да жүзден астам бала кәсіпорыннан тәтті жүлделер алды. Биыл «Рубиком» компаниясы облыс өңіріндегі жеті жүзге жуық баланы қамқорлығы мен назарына алды.


