«Рубиком» компаниясы ауылдарда спортты дамытуды қолдайды
Дәстүр бойынша Черноярка ауылында шайбалы хоккейден жолдастық кездесу өтті: мұз үстінде Павлодарское ауылының «Нұртас» командасы мен «Черноярский трактор» командасы кездесті. Кездесуді «Рубиком» компаниясы ұйымдастырды.
Балалар бір-бірімен үлкен қызығушылықпен амандасты, әр команда ойын тактикасын талқылады да, бәрі шайқасқа ұмтылды! Бұл қызықты ойын болды. Спортшылар тағы бір рет ойын шеберлігін көрсетіп, тәжірибе алмасып, күш сынасты.
Спортшылар мұз үстінде тәжірибе бөлісіп жатқанда, кәсіпорын қызметкерлері жергілікті мектепте балаларға сүйікті сосискалармен, тәттілермен және, әрине, ыстық шаймен дәмді шай дастарханын дайындады.
Шайдан кейін әр команда талпынысы мен жеңіске деген жігері үшін «Рубикомнан» спорт құралдарын, үздік өндірушілердің клюшкалары мен конькилерін алды.
Балалардың қуанышы мен спорттық жетістіктері — біз үшін маңыздысы осы. Жігеріңіз бен спортқа деген құштарлығыңыз үшін үлкен рахмет!