Компания

«Рубиком» компаниясы балаларды Білім күнімен құттықтады

«Рубиком» компаниясы балаларды Білім күнімен құттықтады

Балаларға бүкіл оқу жылына арналған жарқын кеңсе тауарлары жиынтығы – үлкен де, кішкентай да ұл-қыздарды қуантатын тағы бір себеп. Балалар «Рубиком» кәсіпорнының сыйлықтарын зор қуанышпен қарап, дәптерлері мен күнделіктерін төрт пен бес деген бағаларға толтыруға уәде берді.

— «Рубиком» компаниясы жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысады. Биыл жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін Воскресенка ауылдық округінің, Мичурино мен Ребровка ауылының оқушылары алды. Кәсіпорын балаларға, әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға, әрдайым қолдау көрсетуге тырысады. Осындай акциялардың арқасында балаларда жарқын болашаққа деген үміт, сондай-ақ жақсы оқуға деген ұмтылыс пен ынта пайда болады, — дейді бізбен бөлісіп компания менеджері Лилия Андреева.

«Мектепке жол» акциясы – «Рубиком» компаниясы үшін ең маңызды миссиялардың бірі. Өйткені тұрмыстық мәселелер балалардың оқудан көңілін бөлмеуі тиіс. Сондықтан балалар да, олардың педагогтері де мұндай сыйлыққа өте риза болды.

«Рубиком» компаниясы балаларды Білім күнімен құттықтады

жаңалықтар