Компания

«Рубиком» компаниясы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады

«Рубиком» компаниясы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады

Мария Даниловна Курбатоваға биыл 99 жас толады. Майданда ол снайпер болған. Нәзік қыз ауыр мылтықты тез меңгеріп алды. Жау оны танып, одан қорқатын. Дәл соған Чехословакияда аса күрделі тапсырма сеніп тапсырылды: қауіпті фашист-снайперді аңдып, жою керек еді. Ол кеңес әскерінің жоғары лауазымды шендеріне аң аулаған. Бірде павлодарлық батыр қыз оның ормандағы атыс орнын анықтап, бірнеше күн бойы жасырынып күтті де, мүлт кетпеді.

— Әрине, бізді бірден штабқа шақырды, командир алғысын айтты, кейін біраз уақыттан соң бізге «Ерлігі үшін» медальдарын берді. Бұл менің алғашқы медалім болды, — деп еске алады Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Курбатова.

— «Рубиком» компаниясы тыл еңбеккерлері мен ардагерлерді әрдайым құттықтайды. Бұл — ашық аспан үшін, олардың батылдығы мен ерлігі үшін біздің алғысымыз. Олар — батырлар, солардың арқасында біз бейбіт әрі тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз, — дейді «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.

Мария Даниловнаның шөберелері көп. 9 мамырда аз ғана қонақты немен күтемін деген сұрақ енді туындамайды. Дәмді тағамдар ынтымақты отбасын бір дастарқан басына жинайды.

Биыл «Рубиком» компаниясы дәстүр бойынша Черноярка, Мичурино, Воскресенка ауылдары мен Ленинский кентінің ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады.

irbis.tv

«Рубиком» компаниясы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады

«Рубиком» компаниясы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады

жаңалықтар