«Рубиком» компаниясы балалар суреттері байқауының бас демеушісі болды
Балалардың жұмыстары өте әсерлі әрі тебіренткен шықты. Әр сурет ғаламшар мен қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік пен алаңдаушылыққа толы болды. Барлық сурет қызықты әрі түрлі-түсті болғанына қарамастан, байқау комиссиясының мүшелері облыстың алты балалар үйінің арасынан екі жас санатында байқаудың алты жеңімпазын таңдады.
«Ересек топ» санатында (13 жастан бастап) бірінші орынды «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №2 Песчан арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ-нен Тастенов Шадияр жеңіп алды. Сурет «Бәрі өз қолымызда» деп аталды.
Ересектер санатында екінші орынды «Павлодар қ. отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ-нен Попова Анна «Ғаламшар – нәзік шам» атты суретімен иеленді.
Үшінші орынды «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ-нен Крутова Виктория «Құстар әлемі» атты жұмысымен иеленді.
«Кіші топ» санатында (12 жасқа дейін) «Табиғатқа деген сүйіспеншілік» жұмысы үшін бірінші орынды «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығы» КММ-нен Степурская Надежда иеленді
екінші орынды «Шақат отбасылық үлгідегі балалар үйі» КММ-нен Епин Денис алды
және жеңімпаздар үштігін «Екібастұз қ. қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан» Самойлова Аида түйіндейді.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық балаларға шығармашылық дағдыларын одан әрі дамытып, табиғатымызды сақтауға қамқорлық жасауды тілейміз.







