Үздіктердің үздігі!
25 жыл ішінде «Рубиком» компаниясы өзінде жұмыс істейтін қызметкерлердің арқасында қазақстандық нарықта айтулы табыстарға жетті. Кәсіпорынның еңбек ұжымы ширек ғасыр бойы шын мәнінде баға жетпес жұмыс атқарды, бұл назардан тыс қалған жоқ. Сеніп тапсырылған жұмысқа адал әрі мұқият қарағаны, кәсіпорынның дамуына қосқан жеке үлесі үшін әріптестеріміз мемлекеттік деңгейде атап өтілді.
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай еңбектегі сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік «Еңбегі Үздігі» медалін алғандар: компания құрылтайшылары Вячеслав Андреевич Руф пен Олег Григорьевич Безверхов, компанияның бас директоры Елена Юрьевна Осинская, директордың құрылыс жөніндегі орынбасары Наталья Сергеевна Сурина, автокөлік цехының меңгерушісі Юрий Николаевич Энелане, бас агроном Владимир Васильевич Фомкин. Мұндай маңызды әрі мәртебелі марапатқа ие болу олардың жоғары кәсібилігін дәлелдейді және қызметкерлеріміздің өз ісінің нағыз мамандары екенін тағы бір мәрте айғақтайды.
«Рубиком» компаниясының бүкіл ұжымы басшыларымыз бен әріптестерімізді лайықты марапатпен құттықтайды! Кәсіби қызметтеріңізде алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!