Өз ісінің үздіктері!
«РУБИКОМ» компаниясы біздің «Сізге арналған» классикалық пісірілген шұжығымыздың «Сапа кепілдігі-2024» халықаралық азық-түлік өнімдері байқауында сапа дипломына ие болғанын мақтанышпен хабарлайды!
Бұл беделді байқауды жыл сайын Мәскеуде РҒА «В.М. Горбатов атындағы азық-түлік жүйелері федералдық ғылыми орталығы» ФМБҒМ өткізеді, ол сатып алушыларына ең жоғары деңгейдегі өнім ұсынуға ұмтылатын үздік өндірушілердің басын қосады.
Сенім мен қолдауларыңыз үшін сатып алушыларымызға шын жүректен алғыс айтамыз! Бұл диплом – «РУБИКОМ» тек ең жақсысын ұсына отырып, дұрыс бағытта келе жатқанының тағы бір дәлелі.
Мұның бәрі сүйікті өніміңізді жасаудың әр кезеңіне жан-тәнін салатын қызметкерлеріміздің талмай атқарған еңбегінің арқасы!
Сапаға сеніңіз, «Сізге арналған» классикалық шұжықты таңдаңыз