Жергілікті кәсіпкерлер ШҚО тұрғындарына көмек жіберді
Қайырымдылық акциясы аясында Павлодардан Риддерге гуманитарлық көмек жіберілді. Өрттен зардап шеккен қазақстандықтар ең қажетті заттар салынған қырық үлкен жиынтық алды. ШҚО тұрғындарының басына түскен қасіреттен кейін екі ірі кәсіпорын үндеуге үн қосып, жерлестеріне көмек жіберді. Мұндай жағдайлар жанашыр жандардың ауызбіршілігі мен көмекке әзір тұратынын, адамдарға риясыз қол ұшын созуға дайын екенін көрсетеді.
— Талай үйге төнген қасірет туралы білгеннен кейін біз бүгінде қолдауға аса мұқтаж жандарға демеу көрсету үшін зардап шеккендерге гуманитарлық көмек дайындауға бірден кірістік. Екі компанияның күшімен әр отбасына ең қажетті заттар салынған тұрмыстық жиынтықтар дайындалып, буып-түйіліп, Шығыс Қазақстан облысына жіберілді. Біз Риддер қаласының тұрғындарына қолдау көрсетіп, өмірдің осы қиын сәтінде олардың жалғыз емес екенін сездіргіміз келеді, — дейді «Рубиком» компаниясының бас директоры Елена Осинская.
Бұл кәсіпкерлердің осы жылы өткізген бесінші ауқымды акциясы, әрі компания басшылары мойындағандай, соңғысы емес. Алда қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тағы бірнеше ірі қайырымдылық іс-шарасы жоспарланған.
