Компания

«Рубикомға» экскурсияға

«Рубикомға» экскурсияға

«Рубикомға» экскурсия

Өндірістік экскурсиялардың негізгі мақсаты — студенттерге өндіріс технологиясы туралы жалпы түсінік беру, оларды кәсіпорындардың құрылымымен, ондағы жұмыс жағдайлары мен ерекшеліктерімен таныстыру.

— Мұндай кездесудің басты мақсаты — студенттердің практикадан өтуі саласындағы ынтымақтастықты жолға қою. Кәсіпорын қызметкерлері білім алушыларды негізгі өндірістік процеспен, экономикалық бағыттардың мақсаттарымен және болашағымен таныстырды. Алдағы уақытта факультет пен компаниямыздың басшылығы шарттық қатынастар орнатуға және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуға ниетті, — деп хабарлады «Рубиком» компаниясының бренд-менеджері Анжелика Черненко.

Кәсіпорында қызметкерлер студенттерге құрама жем зауытының жабдықтары қалай жұмыс істейтінін айтып әрі көрсетіп берді, құрама жем өндірудің технологиялық процестерін түсіндірді, қолданылатын жабдықтар мен зертхана туралы әңгімеледі. Студенттер бөлімшенің құжаттамасымен және өндірілген өнімнің сапасын бақылау құралдарымен танысты.

Сондай-ақ конференц-залда студенттерге дәріс өткізіліп, онда оларды компанияның барлық бөлімшелерімен таныстырды, сол жерде білім алушылар өндіріс туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.

Мұндай экскурсиялардан кейін кәсіптік пәндер бойынша теориялық материалды меңгеру анағұрлым нәтижелі бола түседі. Ең бастысы, білім алушылар кәсіпорындарға тапсырылған міндеттерді орындап қана қоймай, құрылымдық бөлімшенің жұмысын жоспарлап, ұйымдастыра алатын білікті, сауатты мамандар қажет екенін түсінеді.

«Рубикомға» экскурсияға

«Рубикомға» экскурсияға

жаңалықтар