«Рубикомға» экскурсияға кезек тізілді!
«Рубиком» кәсіпорнының @rubikom.kz ресми инстаграм парақшасында пікірлер толастар емес. Бұл науқанды ет комбинатының бүкіл тарихындағы теңдесі жоқ оқиға деп атап жүр. Өндіруші жүздеген алғыс хат пен жаңа ұсыныстар алуда. Жалпы, болған жағдай мынадай…
Ресейлік бірнеше ет өнімдерін өндірушілер қатысқан жақындағы оқиғалар әлі есте. Еліміздің дүкендеріне денсаулыққа қауіпті өнімдер түсіп келгені, бұл туралы ешкімнің білмегені анықталды. Ресейлік сапасыз шұжық өнімдері дүкендерден алынып тасталды, алайда бұл оқиға әлеуметтік медиада мыңдаған қызу пікірталас туғызды.
Өз кезегінде «РУБИКОМ» кәсіпорны ЖШС өзін ашық әрі адал қазақстандық өндіруші ретінде танытады. Соның дәлелі ретінде 2018 жылғы 29 тамызда ет комбинатының есігі алғаш рет байқау жеңімпаздарына ашылды. Қатысушыларға комбинат қызметкерлерінің шара туралы ештеңе білмейтіні ескертілді. Ешқандай дайындықсыз кәдімгі жұмыс күнін көрсету — ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты. Сонымен, 15 бақытты жаннан құралған топ кәсіпорын директорының өндіріс жөніндегі орынбасары А. В. Буторинамен бірге әсер алу үшін цехқа бет алды.
— Өндірістегі тазалық ең жоғары деңгейде. Экскурсия келетіні үшін мұны бір-екі тәулікте дайындау техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Барлығы кафельмен қапталған. Барлығы дезбарьерлер арқылы өтеді. Біздің келгенімізге қызметкерлердің таңғалғаны байқалды. Сондықтан бұл сөзсіз зауыттың кәдімгі жұмыс күні, — деп түйіндеді экскурсант Юрий.
Жаяу туристер командасы әр цехта бірнеше минутқа аялдап, ұзақ жол жүріп өтті. Қатысушылар «Рубиком» өндірістік үй-жайларында қол еңбегінің өте аз екенін атап өтті. Жұмыстың бүкіл процесі толық компьютерлендірілген, ал жаңа жабдықты батыл түрде жаңашыл деп атайды, өйткені республикада мұндай машиналар жоқ. Шынын айтқанда, экскурсанттар кеңестік өндіріс әдістерін көреміз деп ойлаған еді. Қатысушы Любовь тіпті баруға қорыққан. Ол сүйікті шұжығын енді жей алмайтындай бірдеңе көріп қалам ба деп ойлаған. Қауіптері расталмады.
Өндірістік асханада жеңімпаздарды дәм мен сыйлықтар күтіп тұрды. Барлық қатысушыға жаздың жаңа өнімі — «Пикник» қуыруға арналған шұжықтарын бірінші болып татып көру, сондай-ақ ең танымал пісірілген және жартылай ысталған шұжықтардан ауыз тию бақыты бұйырды. Үйге қайтар жолда экскурсияға қатысушылар бірінші болудың тамаша мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
«РУБИКОМ» кәсіпорны ЖШС экскурсияларды мүмкіндігінше жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бүгіннің өзінде ересектерді де, балаларды да ет комбинатына шақыруға мүмкіндік беретін арнайы байқау бағдарламасы іске қосылды. Бұл — адамдарға бүкіл шындықты айтуға, барынша ашық болуға және шұжық өнімдерін өндіру туралы ескірген түсініктерді өзгертуге шақыруға берілген тамаша мүмкіндік. Күмәнсіз, «Рубиком» әлеуметтік желілерде талқылауға жаңа негіз берді. Бұл әлі басы ғана!