Компания

Кәсіпорында вакцинация өтті

Кәсіпорында вакцинация өтті

Өкінішке қарай, COVID-19 вирустық ауруының дүниежүзілік пандемиясы біздің бөлімшелеріміздің қызметкерлерін де айналып өткен жоқ. Ауырып шыққандардың бәрі бұл аурудың қаншалықты ауыр асқынулар тудыратынын сөзсіз растайды: бұл пневмония да, тромбоз да, барлық созылмалы аурулардың өршуі де, әрі олардан айығу ұзақ уақыт алады.

Бөлімшелердегі вакцинация № 3 емхананың медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігер орынбасары Әлия Туякованың жәрдемдесуімен өткізілді. Емхана ресейлік өндірістің Спутник V вакцинасының бірінші компонентін ұсынды.

Дәрігер мен медбикелерден құралған көшпелі бригадалардың көмегімен компания бөлімшелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жұмыс орындарында екпе алды.

Бөлімшелер бойынша бірінші компонентпен барлығы екі жүзден астам адам егілді. Вакцинация компанияның орталық кеңсесінде, ет өңдеу комбинатында, автокөлік паркінде, мал шаруашылығы кешенінде және «МолКОМ – Павлодар» компаниясында өтті. Вакцинацияның бірінші кезеңі асқынусыз өтті, бірнеше қызметкерде ғана дене қызуының аздап көтерілуі мен екпе салынған жердің ауыруы сияқты жекелеген жағдайлар байқалды. Бұл белгілер қалыпты құбылыс саналады және емдеуді қажет етпейді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кестеге сәйкес кәсіпорында вакцинацияның екінші кезеңі де өтті.

Сонымен қатар компанияның көптеген қызметкері қала емханаларында және екпе пункттерінде өз бетінше егілді. Бүгінгі таңда «Рубиком» кәсіпорнында вакцина алған қызметкерлердің жалпы саны едәуір артты.

Қазіргі уақытта вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары бойынша пандемия мен вирустың таралуын тоқтату үшін барлығы екпе алуы қажет.

Кәсіпорында вакцинация өтті

жаңалықтар