Балалардың қуанышына!
Балалар алаңы ауыл балаларының сүйікті орнына айналды. Жаңа әткеншектер мен турниктер шағын ауыл үшін нағыз сый, соның арқасында жергілікті балалар енді таза ауада көбірек уақыт өткізеді.
Заманауи ойын алаңы жергілікті балабақшаның жанына орнатылды, спорт алаңы да осында орналасқан. Енді балалардың далада ойнауы әлдеқайда қызықты болады.
— Бұрын қайда ойнарымызды білмейтінбіз. Жағдай жоқ еді. Енді балалар алаңы пайда болғанына өте қуаныштымыз, сыйлық үшін «Рубикомға» үлкен рахмет, — деп әсерімен бөлісті кішкентай Айнаш.
Балалардың ойын алаңын жөндеу туралы өтінішпен кәсіпорын басшылығына ауылдық әкімдік қызметкерлері жүгінді. Балабақша мен оған іргелес мектеп аумағының жанында бос жатқан жер бар еді, жергілікті тұрғындар кейін оны балаларға арналған ойын аймағына айналдырмақ болған. Алайда жылдан жылға алаңның жағдайы өзгеріссіз қала берді. Барлық демеушілердің ішінен алғашқы болып «Рубиком» компаниясы үн қатты. Қыз-ұлдарға заманауи әткеншектер мен турниктер дереу сатып алынды. Енді жергілікті тұрғындар үшін балалардың бос уақыты мәселесі шешілді.
— Тұрғындармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, туған елді мекендеріндегі тұрмысты жақсарту жөніндегі тілектерін ескергенде ғана біз шынымен қажетті жобаларды сапалы түрде жүзеге асыра аламыз. Компаниямыз ауыл тұрғындарымен тұрақты негізде ынтымақтасады, жыл сайын зейнеткерлер мен ардагерлерге қамқорлық жасап, балаларды мектепке дайындауға көмектесеміз. Болашақта ауылдағы өмірді одан әрі жақсарту үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, — дейді компанияның бас директоры Елена Осинская.
