Білімге жол «Рубикоммен» бірге
Карантин кезіндегі қиын кезеңде ауыл тұрғындарының көбі табыссыз қалды. Мұндай жағдайда баланы мектепке дайындау кейбір отбасылар үшін қиын әрі ауыр. Сондықтан кішкентай оқушылардың ата-аналары сыйлықтарға балалардан кем қуанбайды.
Биыл коронавирус пандемиясына байланысты бірінші сынып оқушылары «Білім күнін» дәстүрлі салтанатты жиынсыз, алғашқы қоңыраусыз және мектеп директорының ақ тілегінсіз қарсы алады. Оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқиды. Соған қарамастан, әрбір бірінші сынып оқушысы білімге апарар ұзақ жолын жаңа дәптерлердің, түрлі-түсті қарындаштардың және оқуға қажетті басқа да ұсақ-түйектің толық жиынтығымен бастауды армандайды. Бүлдіршіндер үшін бұл бүкіл оқу жылы бойы ынтамен оқуға және тәртіпті болуға ынталандыратын күш.
«Рубиком» компаниясы республикалық акциялардың барлығына алғашқылардың бірі болып белсене қатысады. Кәсіпорын жыл сайын Павлодар облысының ауыл оқушыларына қамқорлық жасап, болашақ оқушыларға оқу жылына дайындалуға көмектеседі. Биылғы жыл да ерекшелік болмады. Мичурин, Воскресенка орта мектептері мен Жамбыл бастауыш мектебінің бірінші сынып оқушылары кеңсе тауарларының толық жиынтығымен қамтамасыз етілді. Бір жиынтыққа мектеп құралдарының жиырмадан астам атауы кірді.
Осындай акцияның арқасында Мичурин ауылдық округінің балалары мен ата-аналары қолдау мен қамқорлықты сезінеді. Салтанатты жиын болмаса да, кеңсе тауарлары бүлдіршіндер үшін олардың өміріндегі жаңа, қызықты кезеңнің басталуының нышанына айналды.
Мичурин ауылдық округінің әкімі Оралбек Копеновтың айтуынша, жаңа оқу жылы қарсаңында мұқтаж жандарға кез келген материалдық қолдау өте қажет әрі дер кезінде болмақ.
— «Рубиком» компаниясы – көп жылдан бері жергілікті тұрғындарға қамқорлық жасап, ауыл адамдарына көмек көрсетіп келе жатқан ірі де табысты кәсіпорын. «Рубикомның» арқасында оқушылар жыл сайын сапалы мектеп құралдарын алады. Бүлдіршіндер әрбір дәптер мен бояуға қуанады. Жаңа, жарқын әрі түрлі-түсті кеңсе тауарларының толық жиынтығын алған бірінші сынып оқушыларының сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Компанияның мұндай сыйлықтары балаларға бүкіл оқу жылы бойы лайықты оқуға көмектеседі деп сенеміз, – дейді Мичурин ауылдық округінің әкімі.
Қайырымдылық аясында барлығы алпыстан астам ауыл отбасы қамтылды. Мектеп жиынтықтарының бір бөлігі Воскресенка ауылына да жіберілді. Жас оқушылардың ата-аналары көрсетілген көмек үшін компанияға алғыс сөздерін білдірді.
— Мектебіміз бен оқушыларымызға жыл сайын қолдау көрсететіні үшін «Рубиком» компаниясына өз атымыздан да, балалар атынан да зор алғыс білдіреміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында барлық бірінші сынып оқушыларымызды мектепке дайындай алдық. Сіздерге барлық игілік, денсаулық, өркендеу және өмір жолдарыңызда көбірек жылулық тілейміз, – дейді қуанышын жасыра алмаған бірінші сынып оқушысының анасы.
Біз үшін ең үлкен алғыс – балалардың кездесу кезіндегі жасырмаған қуанышы, сыйлықтарды қарап, мектеп құралдарын талдап жатқандағы жанған көздері. Әлем немқұрайлы қарамайтын, жанашыр, көмектесіп, қолдау көрсетуге әрқашан дайын адамдармен тұр. Балалардың бақытты жүздері – соның айқын дәлелі.