Компания

Алғашқы басылымымыз — табыс тарихы барлық егжей-тегжейімен

Алғашқы басылымымыз — табыс тарихы барлық егжей-тегжейімен

Компаниямыздың тарихында алғаш рет бірегей басылым – «Рубиком – табысты 30 жыл» кітабы шығарылды. Бұл жай ғана кітап емес, Қазақстандағы ең ірі холдингтің шежіресі, онда кәсіпорынның алғашқы қадамдарынан бүгінгі күнге дейінгі қалыптасуы мен дамуының негізгі сәттері бейнеленген.

Кітап үстіндегі жұмыс орасан зор күш-жігер мен қажырлы еңбекті талап етті. Оны жасауға компания құрылтайшыларымен қатар, көп жыл бойы «Рубикомның» ұзақ жолының бір бөлігі болған қызметкерлер де қатысты. Кітапты жазуға және мазмұнын толықтыруға холдинг ардагерлері де, қазіргі қызметкерлер де атсалысып, құнды естеліктерді, маңызды даталар мен елеулі оқиғаларды сақтап, кейінгіге жеткізді.

Табыстың артында тұрған адамдар тарихы

Кітаптың басты ерекшеліктерінің бірі — құрылтайшылардың ғана емес, көп жыл бойы компания дамуының ажырамас бөлігі болған қызметкерлердің, серіктестер мен достардың әңгімелері мен естеліктері. Оқырмандар компанияны оның бастауында тұрғандардың және оны бүгінде дамытып келе жатқандардың көзімен көре алады.

Барлық бағыт — бір басылымда

Басылымда компания қызметінің барлық негізгі бағыттары берілген, олардың арасында:

Егін шаруашылығы — ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі.

Құрама жем өндірісі — мал шаруашылығына арналған жоғары сапалы жемшөп.

Мал шаруашылығы — жануарларға қамқорлық пен өнімді

ең жоғары сапамен өндіру.

Шұжық өнімдерін өндіру — әр бұйымдағы дәстүр мен инновация.

Сауда желісі — өнімге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететін супермаркеттер мен автодүкендер.

Сауда-ойын-сауық орталығы — демалыс пен сауда орны, бай тарихы бар бірегей нысан.

Құрылыс — түрлі деңгей мен күрделіліктегі нысандарды іске асыру.

Сүт-тауар фермасы мен сүт компаниясы — ұлт саулығына арналған жоғары сапалы сүт өнімдері.

Өткізу нарықтарын кеңейту — жаңа өңірлер мен елдерге шығу.

Бұл кітаптың әр беті – тарихтың түйіршіктеп жиналған бір бөлшегі. Мұнда компанияның қандай ұзақ әрі әсерлі жолдан өткенін көрсететін бірегей фотосуреттер, мұрағат материалдары, естеліктер мен қызықты сәттер берілген. «Рубиком – табысты 30 жыл» – бұл жай ғана кітап емес, холдингіміздің ауқымы мен маңыздылығын жеткізетін нағыз өнер туындысы.

Осы тарихи басылымды жасауға қатысқандардың барлығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Маңызды даталарды іздеуге көмектескен, фотогалерея жинаған, естеліктерімен бөліскен және компания тарихын сақтауға үлес қосқандарға рахмет. Сіздердің арқаларыңызда бұл кітап жарық көріп, ортақ табысымыздың символына айналды. Мерейтойлық кітап — 30 жыл мінсіз жұмыс пен табыс үшін компанияның өз қызметкерлеріне, серіктестеріне және клиенттеріне деген махаббатының белгісі. Жаңа жетістіктерге шабыттандыратын және өз тарихының жаңа беттерін жазып келе жатқан «Рубиком» компаниясының тарихымен танысыңыздар!

жаңалықтар