Павлодарское ауылының ең гүлді ауласы анықталды
Алёна Алексеевнаға қонаққа кезекке жазылып барады, өйткені көршілерінің айтуынша, оның ауласы аула емес, нағыз ботаникалық бақ. Айналада әдемі, жарқын әрі тәтті иісті өсімдіктер қаптап тұр. Оған қоса, енді бақ иесінде жаңа теледидар пайда болды, ол ауыл тұрғынына көркем бұрыш жасағаны үшін берілген марапат болды.
«Гүлді аула» байқауы аясында Павлодарское ауылының тұрғындары өз үйлерінің аулаларына гүлдер, экзотикалық өсімдіктер мен жеміс ағаштарын отырғызып, өсімдік жарысына қосылды. «Рубиком» компаниясы ұйымдастырушыларға жеңімпаздарды марапаттау үшін ақшалай сертификаттар ұсынды. Бірінші орын алған гүл өсірушіні жаңа теледидар күтіп тұрды.
Қатысушылар өсімдік өсірушілер сайысына бұрын-соңды болмаған қызығушылық танытты. Әрқайсысы ауланы ерекше гүлдермен безендіруге, құмырадағы өсімдіктерді орналастыруға өзіндік шешім енгізуге, тіпті сол немесе өзге композицияның пайда болу тарихын ойлап табуға тырысты. Мысалы, Алёна Алексеевнаның эпикалық ауласына қолдан жасалған бұйымдар тамаша жарасқан. Олар негізінен ертегі кейіпкерлерінің мүсіншелері мен сәнді ақ құстар. Қатысушылардың аулалары айтарлықтай өзгеріп, хош иісті гүлдердің жұпарына және жұмақтай жайлылыққа толды.
Байқаудың ресми бөлігі 18 шілдеде өтті. Қатысушылардың гүлді аулаларын арнайы комиссия аралап көріп, содан кейін қорытынды шығарды. Марапаттау рәсіміне Павлодарское ауылының әкімі Жусупов Аждар Сагынтаевич қатысты. Байқау барысында әр қатысушы барлығы 30-дан 200-ге дейін түрлі гүл отырғызды. Арнайы критерийлерді ескере отырып мынадай жеңімпаздар таңдалды: бірінші орын Алёна Алексеевнаға бұйырды. Оның ауласы құмырадағы құлпырған гүлдерге толы тыныш итальяндық көшелерді еске түсірді. Көркемдік сұлулығы үшін марапатқа Алёна жаңа теледидар алды. Екінші орынды заңды түрде Плотникова Ксения Александровна иеленді, оның ауласы біріншіден сәл ғана қалып қойғанымен, тартымдылығы жағынан кем түспеді. Ксения «Рубиком» компаниясынан 20 мың теңгелік сертификат алды. Швацкая Татьяна Марковнаның ауласы үшінші болып, 10 мың теңгелік сертификат қола иегеріне бұйырды. «Үздік көкөніс өсіруші» жүлдесімен қиярдың мол өнімін өсіре білген Мария Давыденко марапатталды. Мария «Рубиком» компаниясынан 15 мың теңгелік сертификат алды.
Бұдан былай «Гүлді аула» байқауы игі дәстүрге айналады. Павлодарское ауылының басшылығы әкім А. С. Жусупов атынан байқауды ұйымдастыруға үн қосып, қолдау көрсеткені үшін «Рубиком» кәсіпорнына зор алғысын білдіреді.




