Компания

Неміс сапасы жануарлар денсаулығының кепілі

Неміс сапасы жануарлар денсаулығының кепілі

Компания құрылғалы бері Павлодар облысының аумағында бірегей екі шошқа кешені салынды, ал жануарларды азықпен қамтамасыз ету үшін 2008 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне арналған жоғары сапалы толық рационды құрама жем шығаратын заманауи құрама жем зауыты пайдалануға берілді. Шошқалардың дене көрсеткіштері жақсы, оған ең алдымен дұрыс азықтандыру арқылы қол жеткізіледі. Жануарлар жас ерекшелігіне сай теңгерімді азық алуы тиіс. Құрама жем дайындау технологиясын жетілдіру мақсатында және жем қоспалары нарығын талдау нәтижесінде құрама жем зауытында «MIAVIT» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Тараптар жем қоспаларын енгізу арқылы құрама жем рационын жетілдіру және рациондардың өзіндік құнын төмендету мәселелерін талқылады. Рецептер құрамындағы шикізатты алмастыру мүмкіндіктері ұсынылып, қаралды: мысалы, ет санатын жақсарту үшін тритикале жемдік астығын қара бидаймен алмастыру. Талқылауға компания басшылығы, мал шаруашылығы кешені мен құрама жем зауытының директорлары қатысты. «MIAVIT» компаниясының өкілдері жем өндірісінің сапасын, сондай-ақ зауыттың жоғары технологиялық жабдықтармен және өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жарақталуын бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша, ұзақ талқылаудан және құрама жем сапасын жетілдірудің жаңа тәсілдерін қарастырғаннан кейін жаңа рецептура бойынша жем өндіру үшін «MIAVIT» компаниясының қажетті ингредиенттерін құрама жем зауытына жеткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, зауыт директоры Вера Гоенконың айтуынша, шошқалардың азықтану рационын жақсартып, нәтижесінде ет және шұжық өнімдерін өндіруге неғұрлым сапалы шикізат алуға қол жеткізіледі.

жаңалықтар