Жаңа техника – жаңа мүмкіндіктер!
АКЦ бастығы Юрий Энеланенің айтуынша, автопаркті жаңарту компанияның бірден бірнеше бөлімшесі жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа көлік бөлініп, өз міндетін атқарып жатыр.
Кәсіпорынның бүкіл техникасы АКЦ қызметкерлерінің шебер қолынан өтеді. Биыл автопарк бес жаңа көлікпен толықты, олардың арасында сыйымдылығы 45 адамға дейінгі жолаушылар автобусы да бар. Айтпақшы, ол Набережные Челны қаласынан сатып алынды. Қазіргі таңда ол қызметкерлерді жұмысқа жеткізу үшін ет комбинатына бекітілген.
— Биыл техника қатары толықты. Компания қажеттіліктері үшін Германиядан «MAN» фирмасының «TGS» сериялы төрт жүк көлігі сатып алынды. Олардың бірнешеуін біздің мамандар өз күшімен қосымша жабдықтады. Мәселен, бір ай ішінде қарапайым тартқыш көлік жем тасымалдауға арналған заманауи мамандандырылған көлікке айналды. Отын багын бір орыннан екінші орынға ауыстыру жұмысы жүргізілді. Көлікке жемді айдауға арналған қуатты компрессорлық жабдық орнатылды. Бізде жем беру толығымен автоматтандырылған, сондықтан мұнда техниканың қуаты үлкен рөл атқарады. Тағы бір көлік қарапайым тартқыш көліктен өзі аударғыш көлікке айналдырылды. Бүгінде үш жүк көлігі осында, жұмысқа тартылған. Бізде бос тұру болмайды, көлік тұрып қалса – бұл жаман. Төртінші көлік – қазірше Германия аумағында тұрған жем тасығыш, жеткізілуін күтіп отырмыз. Сатып алынған техника барлық заманауи талаптарға сай келеді, ең жаңа жабдықтармен жарақталған, – дейді Юрий Николаевич.
Бірақ жаңартулар мұнымен аяқталмады. АКЦ аумағында жаңа медициналық пункттің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Енді ол өткізу пунктінің дәл жанында орналасады. Осылайша, қызметкерлер автокөлік цехының аумағына кірмей тұрып-ақ жұмысқа рұқсат беру бойынша қатаң бақылаудан өтетін болады.
Жобаға сәйкес, медициналық пункт бір бөлмеден және үш адамнан бес адамға дейін сыйятын шағын күту залынан тұрады. Қазір медициналық қызметкерлер жұмыс істеп жатқан кабинетке кейін механиктер орналасады.
– Ұжым үнемі өсіп келеді, қызметкерлерге көбірек бөлме қажет. Жақында гаражға өз күшімізбен бақылау пунктін орнаттық. Жігіттер оны қолда бар заттар мен жиһаздан құрастырды. Нәтижесінде гараждың үлкен бөлігі көрінетін ыңғайлы кабинет шықты. Осылайша, біз қойылған міндеттердің орындалуын қатаң бақылай аламыз. Жұмыс сапасының деңгейін қадағалау өте маңызды, – дейді АКЦ бастығы.
Автокөлік цехы компания көлігінің белгіленген нормаларға сәйкес тиімді пайдаланылуын бақылайды, сондай-ақ көліктерді жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.
Бұған кәсіпорын қажеттіліктеріне сай көлік қозғалысының нақты жүйесі, қызметкерлерді жұмысқа жеткізу кестелері, сондай-ақ үлкен жүк көліктерінің қозғалыс сызбалары дәлел бола алады.
Өндірістің ұлғаюына байланысты компания қажеттіліктері үшін жыл сайын белгілі бір мөлшерде көлік сатып алынады. Автокөлік цехының аумағында гараж салынған кезде оның ауқымы таңғалдырған еді, ангар тек жартылай ғана толған болатын. Ал қазір парктің тек 30%-ы ғана бокске сыяды, қалған көлік далада тұрады. Бірақ көліктерге қызмет көрсетуге және оларды қоюға арналған тағы бір қосымша гараж салу жоспарда бар.