Телеграм-арнадағы шағымға жауап
Телеграм-арнада жарияланған бейнежазбада «Рубиком» кәсіпорны ЖШС ет өңдеу комбинатынан (бұдан әрі ЕӨК) булану алқаптарына судың төгілуі тіркелген. Төгінді орны арнайы орын болып табылады және заңнаманың барлық ережелері мен нормаларына сай рәсімделген. «Рубиком» кәсіпорнында осы әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттары бар (мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы және қолданылу мерзімі 2017 -2025 жж. болатын 21.07.2016 жылғы № KZ17VCY00072819 қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат).
«Рубиком» кәсіпорны ЖШС өндірістік мониторинг бағдарламасына сәйкес булану алқаптарына төгілетін сарқынды сулар құрамындағы ластаушы заттардың шекті рауалы төгіндісінің (ШРТ) белгіленген нормативтерінің сақталуын бақылайды.
Қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік мониторинг жүргізу бағдарламасына сәйкес сарқынды суларға жылына 4 рет (тоқсан сайын) химиялық талдау жасау көзделген. Сынама алудың екі нүктесі белгіленген: біріншісі — КНС-27 (қабылдау резервуары), екіншісі — булану алқаптарының карталарына сарқынды сулар төгілетін нүкте.
Кәсіпорынның сарқынды суларының сапалық құрамына мониторингті белгіленген тәртіппен аккредиттелген, тартылған мамандандырылған зертханалар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, сарқынды сулардағы ластаушы заттарды анықтау әдістемелерін пайдалана отырып жүргізеді.
Кәсіпорында, сондай-ақ булану алқаптарында жүргізілетін көптеген тексерулердің қорытындысы бойынша булану тоғанының құрылғысы грунт суларының режиміне және жерасты суларының сапасына әсер етуді болдырмайды деген шешім шығарылды. 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы сарқынды сулардағы ластаушы заттар концентрациясының мониторингі нәтижелері бойынша нормадан асу анықталған жоқ.
2022 жылдың сәуірінде «Рубиком» компаниясының өкілдері Ленинский кенті тұрғындарының активімен булану алқаптарына кездесу-экскурсия өткізді, оған «ЭКОМ» ҚБ экологтары, «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығы» ЗТБ қоғамдық белсенділері, сондай-ақ осы кент әкімдігінің өкілдері қатысты. Кездесу соңында жасыл белдеу құру және Ленинский к. экологиясын қолдау мақсатында булану алқаптарының айналасына жасыл желек отырғызу туралы шешім қабылданды.
2022 жылдың мамырында «Рубиком» кәсіпорны жасыл белдеу құру үшін булану алқаптарына жасыл желек отырғызды. Бұл жұмыс, сондай-ақ булану алқаптарындағы суларға мониторинг жыл сайын жүргізілетін болады.