Компания

Жаңа өңірлерді бағындырамыз!

Жаңа өңірлерді бағындырамыз!

«Рубиком» және «МолКОМ» компаниялары – заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындар. Жұмыс істеген уақыт ішінде кәсіпорындардың өнімі алты өңірдегі қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды, өнім жеткізуге еліміздің ең ірі сауда желілерімен шарттар жасалды. Биылғы қыркүйекте кәсіпорындар Ақтау мен Атырауға өнімді алғаш рет жеткізді. Біздің кәсіпорындар Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда көшбасшылық орындарын берік ұстап келеді және енді батыс өңірлерді бағындыруға дайын. – Бұл аумаққа келуіміз стратегиялық тұрғыдан ойластырылған, біз өсуіміз бен дамуымызда маңызды рөл атқаратын, қарқынды дамып келе жатқан осы нарыққа бұрынғыдан да көп көңіл бөлеміз. Ұзақ келіссөздерден кейін батыс өңірдегі ең ірі «Лидер» және «IDEAL» супермаркеттер желілерімен шарт жасасудың сәті түсті, соның арқасында қыркүйекте-ақ екі компания өнімінің толық ассортименті алғаш рет жеткізілді, – дейді коммерциялық директор Максим Щербаков. Оның айтуынша, кәсіпорындар батыс өңірдің сапалы отандық тауарға деген қажеттілігін толық өтеу үшін ресми дистрибьютормен өнім жеткізуге ұзақ мерзімді шарт жасасуды жоспарлап отыр.

– Алғашқы жеткізілімнен бері небәрі бір ай өтті, бірақ біз өніміміз туралы оң пікірлер алып жатырмыз. Қазір батыс өңірде клиенттік база құру жұмысы жүргізілуде. Жоспарымызда тек өз орнымызды нығайту ғана емес, сонымен қатар жаңа стратегиялық серіктестер табу, павлодарлық брендтердің танымалдығын арттыру және Ақтау мен Атыраудың барлық сауда нүктелерін қамту үшін қатысу аумағын кеңейту бар, – дейді жоспарымен бөлісіп Максим Владимирович. Кәсіпорындардың ассортименті үнемі кеңейіп келеді, бұл қазіргі сатып алушының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін тұрақты түрде қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Компанияларымыздың басшылығы жеткізілім көлеміне қарамастан тапсырыс берушілердің барлық санатына ынтымақтастықтың қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтылады. Тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде кәсіпорын мамандары өңірлердегі сатып алушылармен ынтымақтастықтың барынша қолайлы схемасын жасай алды.

– Батыс өңірде серіктестік қатынастарды дамытудың арқасында батыс нарығындағы дүкендерді сапалы әрі табиғи азық-түлікпен 100% қамтамасыз ету үшін өнім жеткізілімін ұлғайта алатынымызға сенімдіміз, – деп қосты Максим Щербаков.

жаңалықтар