Ардагерлерге 170-ке жуық азық-түлік жиынтығы табысталды
«Рубиком» компаниясында дәстүр бойынша өз өмірін аямай Отанымызды қорғаған, жас шағына қарамастан ерлік пен жанқиярлық танытып, азаттық пен тыныш аспан үшін шайқасқан жандарға алғыс сөздері айтылды. Бір жүз жетпіс зейнеткер кәсіпорыннан азық-түлік жиынтықтарын алды, алайда ардагерлердің өздері қазір олар үшін ең бастысы – назар мен қамқорлық екенін айтады. Қайырымдылық акциясы Павлодар қаласының, Ленинский кентінің, Павлодар және Черноярский ауылдық округтерінің ардагерлерін қамтыды.
— Қадірлі ардагерлерімізге және олардың әл-ауқатына қамқорлық жасау кәсіпорнымыздың жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жеңіс күні – ұлы, бүкілхалықтық мереке, осы күндері біз дәстүр бойынша тыл еңбеккерлерінің үйіне барамыз. Үш күн ішінде бір жүз жетпіс азық-түлік себетін жеткізіп, алғыс сөздерімізді және терең ізетімізді білдіруді жоспарлап отырмыз. Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мықты денсаулық, жақындарының қамқорлығын және белсенді ұзақ ғұмыр тілейміз, — дейді компанияның бас директоры Елена Осинская.
Жарма, май, шай, кофе, шұжық және кондитер өнімдері – бұл азық-түлік жиынтығына кірген заттардың толық тізімі де емес. «Рубиком» компаниясы Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге мұқият дайындалды. Азық-түлік себеттері мереке қарсаңында табысталды, ардагерлер қонақтарға қуанып қалды. Олардың әрқайсысы өзінің ауыр тағдыры туралы әңгімелеп, соғыстың қиын жылдарында қалай өмір сүргенін айтып бергісі келді.
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қасында өткізілген минуттар әрқайсымыз үшін қымбат. Жылы тілектер мен құттықтаулар ардагерлердің көңілінен шықты, әрқайсысы көрсетілген назар мен қамқорлық үшін алғысын білдірді.
