Германия елшісі ет өңдеу комбинатына барды
«Рубиком» ет өңдеу комбинатына Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен сапармен келді.
Ұйымдастырылған экскурсияның қонағы Қазақстанда ГФР мүддесін білдіретін көрнекті дипломат болды. Делегацияның басында «Рубиком» компаниясының құрылтайшысы мен ет өңдеу комбинатының директоры болды.
Өндіріске жасалған экскурсия Германия елшісіне технологиялық үдеріске терең бойлап, өндірістің негізгі кезеңдерін көруге мүмкіндік берді. Елші маңызды өндірістік учаскелерді аралап, жоғары сапа стандарттарының сақталатынына өзі көз жеткізді. Ол шикізат пен дайын өнім сапасы бақыланатын зертханамен танысты. Экология мен бизнестің тұрақтылығына жауапты көзқарасты айқындайтын тұйық өндіріс цикліне ерекше назар аударылды.
Сәтті өткен экскурсиядан кейін қонаққа «Рубиком» компаниясы өнімінің дәмін тату шарасы ұйымдастырылды. Елші Моника Иверсен компания ұсынған шұжықтың алуан түрлерінің дәмін татып, өнімнің сапасы мен дәмдік қасиеттеріне тәнті болғанын білдірді, сондай-ақ шығарылатын шұжықтар мен деликатестердің кең ассортименті мен олардың тәбет ашатын хош иісіне жағымды таң қалды.
Ол сондай-ақ Қазақстан астанасында компаниямыздың өнімін жиі кездестіретінін атап өтті, бұл брендтің танымалдығы мен мойындалғанын дәлелдейді.