Компания

Біз лайық болған мереке!

Біз лайық болған мереке!

Басты салтанатқа Естай атындағы мәдениет сарайына бес жүзден астам адам жиналды. Шара қонақтарын жағымды ахуал орап, көтеріңкі көңіл-күй серік болды. Мәдениет сарайының фойесінде фуршеті мен фотоаймағы бар welcome аймағы жұмыс істеп, павлодарлық дарынды скрипка мен виолончельдің «Shine» электродуэті өнер көрсетті. Компания тарихымен танысқысы келгендердің бәрі ғимарат фойесіне орналасқан «Дәмді тарих» фотокөрмесін тамашалай алды. Жаңа қызметкерлер үшін бұл компанияны басқа қырынан тануға, оның ауқымды деңгейге жеткенге «дейін» қандай болғанын көруге, танымал брендке айналу үшін «Рубикомның» қаншама белестен өткенін түсінуге мүмкіндік болды.

Мерекелік ахуалға бөленіп, оқиғаның бар маңызын кәсіпорынның барлық қызметкерлері сезіне алды. Ауқымды салтанат басталмай тұрып-ақ компанияның барлық бөлімшелерінде бірқатар іс-шара өтті. Компания басшылары жеке еңбегі, ісіне адалдығы және кәсіпорынның дамуына белсене қатысқаны үшін әрбір қызметкердің үлесін атап өтті. Әріптестерінің ду қол шапалағымен қарапайым, бірақ бақытты «Рубиком» қызметкерлері құрмет грамоталарын алды, осындай құрметке ие болған әркімді басшылар атқарған жұмысы мен өз саласындағы кәсібилігі үшін жеке өздері мақтады. Негізгі салтанатқа бірнеше күн қалғанда ұжымда мерекелік ахуал орнап, компания қызметкерлері ауқымды шараны асыға күтті.

Салтанаттың басталуы қатысушылар үшін таңғаларлық тосын сый болды. Бірнеше секундқа қонақтар қап-қараңғылыққа батып, сәт ішінде залда отырғандардың бәрі ғарышқа ауысқандай болды. 3d mapping жарық шоуының арқасында мәдениет сарайының қабырғалары бір үлкен ғаламның бөлігіне айналып, көрермендер жұлдыздарға қол тигізгендей әсер алды. Зал тыныштығын динамиктерден естілген терең әрі жұмбақ дауыс бұзып, компанияның басты құндылығы туралы, көп жылдар бойы кәсіпорын тарихын жазып келе жатқан адамдар туралы баяндады. Осындай күтпеген және сонымен бірге тамаша басталу салтанатқа қатысқандардың бәрінде ұмытылмас әсер қалдырды.
Содан кейін қонақтар мен компания қызметкерлеріне экраннан кәсіпорын туралы фильм көрсетілді.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты. Көрермендер концерттік бағдарламаны тамашалап қана қоймай, жүргізушілер online режимінде өткізген ойынға өздері де қатысып, компанияның тарихы мен негізгі кезеңдерін білуге арналған тесттен өтті. Сұраққа дұрыс жауап нұсқасын таңдау ғана емес, мұны залдағылардың бәрінен жылдам істеу керек еді. Бұл бірінші болу құқығы үшін шынайы тартыс болды. Көш басындағы орынды залдың әр секторындағы көрермендер кезек-кезек иеленіп отырды. Бірақ сахнаға шығып, ажарлы жүргізушілердің қасында тұрып, жеңіс үшін жүлдені Лера Кудрявцеваның қолынан алу «Рубиком» ЕӨК директорының сапа жөніндегі орынбасары Максим Никоновқа бұйырды.

Шара қонақтары танымал «Percussion project» барабан шоуының арқасында жарқын әсерге бөленді. Эмоцияға толы, орасан зор қуат таратқан көрікті өнер көрсетілімі залдағыларға керемет күш-жігер сыйлады. Би ырғақтарының, кәсіби орындаудың және әсерлі қойылған шоудың үйлесімі ешкімді бей-жай қалдырмады.

«Acrobatic Circus show» гимнастарының акробатика элементтері бар баурап алатын биі кештің тағы бір сәні болды. Акробаттар күрделі әрі тынысты тарылтатын трюктер көрсетті, сезімге толы синхронды нөмір орындалу жеңілдігімен көрермендерді таңғалдырды. Әртістер әлсін-әлсін ауаға көтеріліп, керемет пируэттер жасап, ептілік пен күштің ғажабын көрсетіп, жердің тартылыс күшіне қарсы шықты.

Концерттік бағдарламаның аяқталуы тебірентерлік болды. Мәдениет сарайының сахнасына ду қол шапалақ астында сүйкімді әнші Екатерина Охотина қайта шықты. Ол он жыл бұрын компанияның он бес жылдық мерейтойында да орындалған компания әнұранын шырқады. Тек бүгін бұл оның жаңарған нұсқасы еді, бұл кәсіпорын жұмысының жаңа кезеңдерін білдірді. Онымен бірге сахнада ән ырғағымен кәсіби бишілер «Шоу балет» өнер көрсетіп, проекциялық шоу ұсынды. Олар бидегі қимылдарымен пируэттер жасай отырып, экрандағы фотогалереяны парақтады. Жарқын кадрлар болашаққа қарай лап қойып, өзін еске салып, компанияның өмір тарихын баяндап, көрермендерді естеліктерге жетелегендей әсер қалды.

Шара соңында басты сахнада Екатеринаның орындауында «Рубиком» компаниясының әнұраны шырқалды. Ән он жыл бұрын жазылған еді, сол кеште ол жаңаша естілді. Салтанатты бөлімнен кейін қонақтар жүргізушілермен бірге үлкен selfie түсіп, компания мерейтойына арналған мерекелік отшашуды тамашалады.

Біз лайық болған мереке!

Біз лайық болған мереке!

Біз лайық болған мереке!

Біз лайық болған мереке!

Біз лайық болған мереке!

жаңалықтар