«РУБИКОМ» компаниясының өнімі алтын медаль алды
Ресей ғылым академиясының «В.М. Горбатов атындағы Федералды тамақ жүйелері ғылыми орталығы» тамақ өнімдерінің үздік өндірушілерін анықтады. Барлық байқауға қатысушы қатаң іріктеуден өтті: кәсіби дегустаторлардың органолептикалық бағалауынан, зертханалық зерттеулерден және таңбалауды бағалаудан. Комиссия барлығы 949 үлгіні зерттеді. Үздік атағы үшін Ресей, Қазақстан және Беларусьтен келген 116 тамақ өнімдерін өндіруші, сауда желілері мен онлайн-супермаркеттер бәсекеге түсті.

Комиссия павлодарлық өнімнің сапасын жоғары бағалап, «Сізге арналған» шпикі бар классикалық пісірілген шұжығын тамаша дәмі мен хош иісін атап өтіп, «Сапа кепілдігі — 2022» алтын медалімен және «Ет Оскары» дипломымен марапаттады.
«РУБИКОМ» компаниясы Қазақстанның ет саласындағы көшбасшы екенін кезекті байқауда дәлелдеді.
Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне жоғары нәтиже үшін алғыс айтамыз, кәсіби өсу мен жаңа жеңістер тілейміз!