Компания
жаңалықтар
«Рубиком» спорт үшін
Жас ұрпақтың шахматқа қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау мақсатында «Рубиком» компаниясы тұрақты негізде түрлі спорттық және зияткерлік іс-шаралардың демеушісі болып келеді.
Қалалық шахмат турнирінде Павлодардың 40 жалпы білім беретін мектебінен бесіншіден тоғызыншы сыныпқа дейінгі 120 қатысушы бақ сынасты. Турнир шарттары бойынша қатысушылар швейцариялық жүйемен 7 турда жарысты. Тур уақыты 1 ойыншыға 10 минуттан белгіленді. Ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанды.
Қиын шайқастар мен қызу күрестен кейін жеке есепте алты адам, командалық есепте үш команда жүлделі орындарға ие болды. Турнир жеңімпаздары «Рубиком» компаниясының грамоталары мен жүлделерімен марапатталды.