Компания

Жаңа рюкзакпен жарқын болашаққа

Жаңа рюкзакпен жарқын болашаққа

Мектепке дайындық — маңызды әрі қызықты процесс. Ұлдар мен қыздар әр дәптерді, рюкзакты, киімді ерекше толқумен таңдайды. Өкінішке қарай, барлық ата-ана баласын оқу жылына дайындап, оны бүкіл оқу жылына жететін толық кеңсе тауарлары жиынтығымен қамтамасыз ете алмайды. Соған қарамастан, мұндай ерекше күн мектеп жасындағы барлық балалар үшін мереке болуы тиіс. «Рубиком» компаниясы жыл сайын Павлодар облысының аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына қамқорлық жасап, қолдау көрсетеді, балаларға да үлкен көңіл бөлінеді. Оқу жылы қарсаңында екі жүзден астам балаға көмек көрсетілді. Мектеп киімі, аяқ киім, жаңа рюкзактар — оқушылар жаңа оқу құралдарын зор қуанышпен алды.

— Болашағымыздың кілті — білімді ұрпақ. Бала жастайынан қабілетті болып, жақсы оқуы үшін ата-ана мен мұғалімдердің тәрбиесінен бөлек, материалдық жабдықталу да маңызды. Сондықтан біз жыл сайын қайырымдылық акциясына зор үлес қосып, «Рубиком» компаниясы атынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың оқушыларына сыйлықтар жасаймыз, — дейді компанияның бас директоры Елена Осинская.

«Рубиком» кәсіпорны жаңа оқу жылына дайындық кезінде мұқтаж барлық балаларға қамқорлық жасап, қолдау көрсетеді. Қайырымдылық көмегі бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларды қамтыды. Бүкіл оқу жылына арналған мектеп жиынтықтарын Сосновка, Мичурино ауылдық округі, Ленинский кенті, Павлодар қаласының №30 жалпы білім беретін орта мектебі және Павлодарское ауылының оқушылары алды. Енді олардың әрқайсысы жаңа оқу жылын мектеп керек-жарақтарының толық жиынтығымен бастайды.

Мал шаруашылығы кешенінің директоры Юрий Пиотровскийдің бастамасымен Павлодарское ауылының оқушылары облыс орталығының дүкендеріне барып, компания атынан мектепке қажетті заттарды: кроссовка, спорт костюмдерін, туфлиді өздері таңдап алды. Осының бәрі және басқа да көптеген зат қайырымдылық акциясы аясында сатып алынды.

— Балалар — біздің болашағымыз, ал олардың өмірін бақытты әрі алаңсыз ету — біздің парызымыз. Отбасындағы ауыр өмірлік жағдайға қарамастан, балалар қиналмауы және құрдастарынан қалмауы керек. Сондықтан біз жыл сайын балаларға көмектесіп, олардың жарқын болашаққа деген сенімі сөнбеуіне қамқорлық жасаймыз, — дейді Юрий Пиотровский.
Мичурино мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын да «Рубиком» компаниясының қатысуымен өтті. Осы жиында мерекелік жағдайда жас бірінші сыныптар бүкіл оқу жылына жететін кеңсе тауарларының толық жиынтығын алды.

«Рубиком» кәсіпорнының бас директорының айтуынша, қайырымдылық — елдегі қоғамдық келісімнің негіздерінің бірі және компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Әлем немқұрайды қарап өте алмайтын, әрдайым көмектесуге және қолдау көрсетуге дайын жанашыр, ақжүрек адамдардың арқасында тұр.

Жаңа рюкзакпен жарқын болашаққа

Жаңа рюкзакпен жарқын болашаққа

жаңалықтар