Шайба, шайба!
Кәсіпорынның әлеуметтік жұмысы ауылдық жерлерде спортпен және дене шынықтырумен жүйелі айналысуға барлық жағдайды жасауға бағытталған. Қыс түсісімен Павлодарское ауылында мал шаруашылығы кешенінің қызметкерлері жыл сайын жас спортшыларға арнап хоккей алаңын мұздатады. Мұнда мұзға 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар шығады. Олардың барлығы «Нұртас» клубының хоккей командасында ойнайды.
— «Рубиком» компаниясының арқасында бізде жақсы хоккей алаңы, ал балаларда мұзға шығып, ойын шеберлігін шыңдау мүмкіндігі бар. Биыл балаларға арналған хоккей таяқтары түрінде қосымша көмек алдық. Таяқтар бізге қажет, бірақ одан да қымбаты — балаларымыздың алған әсері. Олардың қуанышында шек болмады. Бүкіл клуб атынан «Рубиком» компаниясына және мал шаруашылығы кешенінің директорына көрсеткен көмегі, спортты дамытуға танытқан қызығушылығы мен жанашырлығы үшін алғыс айтамыз, — дейді хоккейден құрама команданың жаттықтырушысы Александр Воробьев.
Спорт азаматтар өмірінің, соның ішінде ауылдық аумақтардағы тұрғындар өмірінің аса маңызды бөлігі болып табылады. Таяқтарды алған бойда оқушылар жаңа спорт құралын сынап көруді ұйғарып, бірден мұзға шықты.
— Секциялардың арқасында балалар спорттық тәрбие алады, олардың бойында командалық рух пен дербестік қалыптасады, салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілік дариды. Осылайша біз балаларды пайдалы әдеттерге баулимыз. Компаниямыз әрқашан адамдарға қамқорлық жасайды, әсіресе балалардың мұқтаждығы туралы сөз болғанда. Алдымызда Павлодарское ауылындағы спорт секцияларын дамыту мен қолдау жөнінде көптеген жоспар бар, — деп атап өтті мал шаруашылығы кешенінің директоры Юрий Пиотровский.