Компания
жаңалықтар
«Рубиком» қызметкері Африканың ең биік нүктесі — Килиманджаро тауын бағындырды
«Рубиком» кәсіпорнының қызметкері, жабдықтау бөлімінің маманы Игорь Цуренков әлемдегі ең әйгілі шыңдардың бірі — Танзаниядағы Килиманджаро тауын бағындырды.
Оңай емес бағытты сәтті еңсерген Игорь теңіз деңгейінен 5895 метр биіктікте орналасқан Ухуру-Пик шыңына жетті. Бұл Килиманджароның ғана емес, бүкіл Африка құрлығының ең биік нүктесі.