Барлығы билейді!
25 жылдығы қарсаңында «Рубиком» компаниясы павлодарлықтарға ауқымды мереке, нағыз Open Air ұйымдастырды. Үш сағат бойы қаланың басты сахнасында Қазақстанның үздік диджейлері DJ Fara, DJ Puza, сондай-ақ Ресейден келген қонақтар, бәрінің сүйікті DJ Baur, DJ NEJTRINO және DJ Леонид Руденко өнер көрсетті.
Электрондық музыка фестивалін танымал қазақстандық диджейлер ашты. DJ Puza бәріне радиожүргізуші ретінде де белгілі, одан кейін пульт басына қазақстандық Фархат Конкаев келді. DJ Baur мен DJ Nejtrino дуэті сахнаны қыздырып жіберді. Бұл кеште ешкім бір орнында тұра алмады. Жиналған жұрт әрбір өнерпазға қол соқты, фестиваль қатысушылары эмоцияға кенелді, олар мұндай ауқымды би шарасын әлі көрмеген еді. Павлодарлықтар кештің хедлайнері – ресейлік диджей, электрондық музыкант әрі продюсер Леонид Руденконы ду қол шапалақтаумен қарсы алды.
Бүкіл фестивальді дайындаумен және өткізумен кәсіпорын қызметкерлері өздері айналысты. Қосымша жарық орнату, шынайы сапалы дыбыс беру, жарқын арнайы эффектілер мен жүргізушілерді іріктеу, ең бастысы, көрермендердің риза болуы – мұның бәрі «Рубиком» компаниясы тарапынан нағыз үйлесімді жұмыс пен жақсы ұйымдастырудың нәтижесі.
Бұл кәсіпорынның жергілікті тұрғындар үшін ұйымдастырып отырған алғашқы іс-шарасы емес. Әрі соңғысы да емес екені анық. Сондықтан концерттен кейін компанияның атына алғыс сөздері мен құттықтау пікірлері жауғанда екі есе қуанышты болды.
— Бұл нағыз эмоциялар жарылысы болды! Мұншалықты керемет болады деп мүлде күтпеген едім. Тіпті көрші аулаларда да билеп жатқандай сезім болды. Достарыммен бірге көптеген жағымды эмоция алып, ақыры шын жүректен биледік. Бізде осындай ауқымда фестиваль ұйымдастыруға болады деп ойламаппын да, ұйымдастырушылар шынымен жарайсыңдар, — дейді павлодарлық Әсия.
Жерлестеріміздің осындай ақкөңіл әрі ілтипатты адамдар екені қандай тамаша! «Рубикомға» айтылған алғыс сөздері әлі ұзақ уақыт толастамады. Фестиваль қатысушылары әлеуметтік желілерде пікір жазып, сторис жариялап, осындай ауқымды іс-шараны бәрімен бөлісу үшін оқиға орнынан тікелей эфирлер жүргізді. Бұл фестиваль павлодарлықтардың есінде ұзақ сақталады!
