«РУБИКОМ» кәсіпорны ЖШС Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Үш санат бойынша төрт номинациядағы жеңіс үшін тауарлар мен қызметтердің үздік отандық өндірушілері бақ сынасты. Биыл «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында 27 финалист арасынан (барлығы 221 компания өтінім берген) бас жүлдеге «РУБИКОМ» кәсіпорны ЖШС лайық деп танылды.
Бұл марапаттың басты өлшемі компанияның өнім немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін табысты енгізуі болды.
Біз республикалық байқауда үздік атағымызды тағы бір мәрте растадық және осындай жоғары марапатқа қол жеткізуге үлес қосқандардың барлығына алғыс айтамыз!
Үйлеріңізде әрқашан дәмді әрі сапалы өнім болуы үшін бар күш-жігерін салып жүрген тамаша қызметкерлерімізге үлкен рахмет, сенімділігі мен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз және, әрине, сеніміңіз бен таңдауыңыз үшін әрқайсыңызға, қымбатты сатып алушыларымыз, ерекше ризашылық білдіреміз!
Алғыспен, әрдайым сіздердің «Рубиком»

