Компания

Үміт апа ауылында саябақ салынды

Үміт апа ауылында саябақ салынды

«Рубиком» компаниясында қоршаған ортаны жақсарту, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру іс-шаралары барған сайын маңызды бола түсуде.
Бұл жолы кәсіпорын мамандары Даңқ обелискінің аумағын кеңейтіп, оны жасыл желекпен көркейту қажет болған Үміт апа кентіне барды.

Бөлінген аумаққа берлин теректері отырғызылды. Ағаштың бұл түрі кез келген ауа райы жағдайына төзімділігімен ерекшеленеді. Жасыл желекті суару ыңғайлы болуы үшін саябақ сумен қамтамасыз етіліп, суару жүйесімен жабдықталды. Сонымен қатар кеңейтілген аумаққа қоршау орнатылды.

Дайын жұмысты «Рубиком» кәсіпорнының қызметкерлері ауыл әкіміне тапсырды. Енді саябақ пен жаңа көшеттердің тағдыры жергілікті тұрғындардың қолында. Компанияда ағаштарға жақсы әрі ұқыпты қараудың арқасында Үміт апа ауылы жақын арада бұдан да жасыл бола түседі деп үміттенеді.

жаңалықтар