Бірге, спорт шыңдарына қарай!
Өз саласының көшбасшысы жергілікті балалар үшін хоккеймен айналысуға арналған ең сапалы кәсіби құрал-жабдықтарды — хоккей таяқтары мен конькилерді сатып алып, сондай-ақ жолдастық кездесу ұйымдастырды. Спортшылардың эмоциясында шек болмады. Павлодарское және Новочерноярка ауылдарында хоккеймен жүзден астам бала айналысады. Олардың арасында тіпті қыздар да бар. Биыл екі ауыл жігіті Қазақстан жастар лигасының клубтарына өтіп, Ақтөбе мен Алматыға аттанды. Бұл, сөзсіз, қалған балалар үшін қосымша ынталандыру болды.
— Балалар хоккейі оған қолдау көрсетілгенде дамиды. Бізге «Рубиком» қолдау көрсетеді, бұл үшін оларға рақмет. Өткен жолы хоккей таяқтарын сыйлады, енді коньки сыйлады, — деп алғысын білдіреді Павлодарское ауылы клубының хоккей жаттықтырушысы Александр Воробьев.
Хоккей турнирі Новочерноярка ауылында өтті, Павлодарскоедан келетін балалар үшін командалар кездесетін орынға дейін автобус ұйымдастырылды. Ойын жиырма минуттан екі кезеңнен тұрды. Спортшылар хоккей кортын игеріп жатқанда, ауыл мектебінің фойесінде дастархан жайылып, ауыл балаларын ыстық шай мен дәм-тұз күтіп тұрды. Бұған да «Рубиком» компаниясы қамқорлық жасады. Сыйлықсыз да болған жоқ.
— «Рубиком» бізге жаңа сапалы хоккей таяқтарын сыйлады, олар әлдеқайда жақсы! Бұрын біз ескі ағаш таяқтармен ойнайтынбыз, — дейді Новочерноярка ауылы клубының хоккей жаттықтырушысы Олег Гулый.
Демеушілер сыйлықтарды аямады: конькилер ең танымал «Bauer» өндірушісінен, хоккей таяқтары мойындалған «Заряд» брендінен. Турнир нәтижесіне қарамастан әр команда сыйлық алды. Павлодарское ауылының спортшылары енді жаңа конькилермен жаттығады, ал «Черноярский трактор» жаңа таяқтармен гол соғады.
— Президент 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. «Рубиком» компаниясы көп жылдар бойы балалар спортының дамуына белсенді қолдау көрсетіп келеді. Қазір де біз сыйлықсыз келе алмадық. Біз үшін балаларды, олардың дамуға, өсуге, спортпен шұғылдануға деген ұмтылысын қолдау маңызды, — деп бөлісті «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.
Балалардың қуанышы мен спорттағы жеңістері — «Рубиком» компаниясы үшін ең жақсы алғыс.

