Компания

Лайықты марапат

Лайықты марапат

Мемлекеттік марапат әрқашан адамды көтермелеудің маңызды құралы әрі қоғам мен тұтас мемлекет тарапынан жеке адамға білдірілетін алғыстың белгісі болған және солай болып қала береді. «Рубиком» компаниясының құрылтайшысы Вячеслав Руф еңбек жолында Қазақстан тұрғындарына талай рет қолдау көрсетіп, көмек берді, туған Ертіс өңірінде ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етіп, мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға қатысты. Ел экономикасын дамытуға қосқан көпжылдық үлесі, кәсібилігі және өз ісіне деген жанашырлығы үшін қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі республикалық кеңес Вячеслав Андреевич Руфты «Ұлт қайраткері» медалімен марапаттады.

Бұл табысты кәсіпкердің марапаттар қоржынындағы алғашқы да, соңғы да награда емес. «Рубиком» кәсіпорнының әлеуметтік-экономикалық бағыты халықтың әлеуметтік осал топтарын, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, мүгедек балалары бар отбасыларды, ардагерлер мен зейнеткерлерді қамтиды. Меценат жыл сайын Павлодар облысының тұрғындарына қамқорлық жасап, ауыл адамдарын заманауи мал шаруашылығы кешендері мен ет өңдеу комбинатында лайықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Онда жайлы еңбек жағдайы, тұрақты жалақы, сондай-ақ өз кәсіби саласында өсіп-дамуға мүмкіндік жасалған. «Рубиком» компаниясы жыл ішінде екі мыңнан астам адамға, соның ішінде балаларға қайырымдылық көмек көрсетеді. Мұның бәрі – Вячеслав Андреевичтің жеке бастамасы.

«Рубиком» компаниясының ұжымы атынан Вячеслав Андреевичті лайықты марапатымен құттықтап, табыс, белгіленген барлық жоспарларының жүзеге асуын, шабыт, қуат және рух беріктігін тілейміз.

жаңалықтар