Компания

Лайық болды

Лайық болды

Құрылыс саласы кәсіби қызметкерлерінің күніне орай «Рубиком» компаниясының басшылары үздік сәулетшілер мен құрылысшыларға естелік марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

— Қызметкерлер алтынмен бірдей, — деп дөп басып атап өтті басшылар. Бұдан артық айту қиын. Құрылыста жұмыс істейтін адамдар жетерлік, ал ойлай алатын, қиялын көрсете білетін, идеяларды өмірге енгізе алатын сенімді әрі адал мамандар өте аз.

Үздіктердің үздіктері басшылардың қолынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы алды. Бастықтардың назарына іліккендердің қатарында жас қызметкерлер де болды. Тәжірибелі сәулетшілердің тәлімгерлігімен оларға адал еңбегі және кәсіпорынның құрылыс саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғашқы марапаттарды алу бақыты бұйырды. Лайық болды!

жаңалықтар