Компания

Элеваторда өмір қайнап жатыр

Элеваторда өмір қайнап жатыр

Күз – егіншілер үшін ғана емес, элеватор қызметкерлері үшін де қауырт кезең. Жыл сайын егін ору науқаны кезінде сақтауға орта есеппен 25 мың тоннаға дейін астық түседі. Элеватордың жұмысы – көптеген механизм қатысатын күрделі үдеріс. Кешен астық қоймаларынан бөлек, астықты өлшейтін, қабылдайтын, тасымалдайтын, тазартатын, кептіретін және тиеп жөнелтетін көптеген арнайы құрылғылармен жабдықталған. Ең маңызды міндеттердің бірін атқаратын өз зертханасы да бар: ол астықтың сапасын тексереді, осының негізінде оның әрі қарайғы тағдыры мен жұмыс барысы айқындалады. Астықты сақтап қалу және оның шығынын барынша азайту үшін қандай жұмыстар атқарылуы керектігін бізге директор Вера Александровна Гоенко айтып берді.

Вера Александровна, элеватор деген не екенін айтып беріңізші?

— Біздің элеватор – трансформер сияқты тұтас жабдықтар қатарынан құралатын заманауи жоғары технологиялық кешен. Оның негізгі міндеті – құрама жем зауытын сапалы астық шикізатымен қамтамасыз ету. Бұл үшін қажет болған жағдайда астық көрсеткіштерін, ең алдымен температурасы мен ылғалдылығын белгіленген нормативтерде ұстауға, сондай-ақ оны түсіруге және тиеуге арналған бірқатар операция жүргізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай жасалған. Белсенді желдету жүйесі енгізілді, сыйымдылығы екі мың тоннаға дейінгі астық қоймалары жабдықталды, астық кептіргіштер мен астық тазалағыш машиналар орнатылды. Ең жаңа технологиялардың енгізілуінің арқасында біздің элеватор барлық заманауи талаптарға толық сай келеді. Жұмыстың барлығы дерлік автоматтандырылған, бұл кешен жұмысындағы қателіктер мен қиындықтарды және, әрине, астық шығынын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Астық элеватор аумағына түскеннен кейін қандай жолдан өтеді?

— Алдымен астық тиеген көлік бақылау пунктіне, таразыға барады. Өлшенгеннен кейін зертхана қызметкері астықтың сапалық сипаттамаларын анықтау үшін экспресс-талдау жүргізеді. Бұл онымен қандай технологиялық операциялар жүргізе алатынымызды түсіну үшін қажет. Инфрақызыл экспресс-талдағыштың көмегімен астықтың класын, натурасын, ылғалдылығын, қоқыстылығын, желімтігін білеміз. Мұндай ақпаратты экспресс-талдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтың көмегімен алып, деректерді кейін компьютерге енгіземіз. Содан кейін көлік астықты түсіруге барады. Мұнда арнайы автоаударғыштар, қабылдау бункерлері, астықтың элеватор бойымен жылжуына көмектесетін транспортерлер мен нориялар, сондай-ақ аспирация жүйесі орнатылған. Астық барлық қажетті тексеруден өткеннен кейін астық қоймасына сақтауға немесе әрі қарай өңдеуге жіберіледі. Жүгін түсірген көлік элеваторда сақтауға қанша астық түсірілгенін дәл бақылау үшін автомобиль таразысында қайта өлшенеді. Жүргізушіге көліктен түсірілген астықтың мөлшері көрсетілген құжат беріледі. Мұның бәрі өте жылдам жүреді, өйткені егін ору науқаны жүріп жатыр, демек, элеватор жұмысының да қызған шағы. Бірнеше ай ішінде бізге астықтың үлкен көлемі түседі, ал біздің міндетіміз – онымен жұмысты жедел жүргізіп, өнімді сақтап қалу. Айтпақшы, егіншілер жыл сайын бізге бірінші, екінші және үшінші кластағы, сипаттамалары жақсы, сапасы өте жоғары астық береді, бұл үшін оларға үлкен рақмет.

Элеватордың жұмысы – өсімдік шаруашылығы учаскесі жұмысшыларының еңбегін сақтап қалуға мүмкіндік беретін, ал құрама жем зауытын өте жоғары сапалы астық шикізатымен қамтамасыз ететін ауқымды да көлемді өндірістік үдеріс. Вера Гоенконың айтуынша, олар қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалмақ емес. Біздің кәсіпорын – лайықты әрі гүлденген болашағы бар ірі де табысты холдинг. Компаниямен бірге элеватор да өсіп, өзінің өндірістік қуаттарын жақсарта береді!

Элеваторда өмір қайнап жатыр

жаңалықтар